Skip to main content

KASPERSKY – ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Кіріспе

AO Kaspersky Lab, bldg. 3, 39A, Leningradskoe Shosse, Moscow, 125212, Russian Federation мекенжайы бойынша орналасқан «Kaspersky» тобына кіретін барлық компаниялар Сіздің құпия ақпаратыңызды құрметтейді. Деректерді қорғау жөніндегі ЕО-дағы өкіліміз: 2016/679 (Деректерді қорғау жөніндегі жалпы ереже, «ДҚЖЕ») санды ережесінің (ЕО) 27 (1) бабына сәйкес Kaspersky Labs GmbH, Despag-Strasse 3, 85055, Ingolstadt, Germany, info@kaspersky.de, +49 (0) 841 98 18 90. ДҚЖЕ 37 (1) бабына сәйкес ЕО-дағы деректерді қорғау жөніндегі қызметкерімізге басқа елдерден де dpo@kaspersky.com мекенжайы бойынша хабарласуыңызға болады.

Осы Өнімдер мен Қызметтерге қатысты құпиялық саясаты (Құпиялық саясаты) Сіз өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдаланғанда ұсынатын ақпаратты біз қалай қолданатынымызды және ақпаратты қолдануымызға қатысты жасай алатын таңдауларыңызды сипаттайды. Сондай-ақ ақпаратты қорғау үшін қолданатын шараларымызды және құпиялық тәжірибелеріңіз бойынша бізге қалай байланыса алатыныңызды түсіндіреміз.

Kaspersky компаниясы ұсынатын арнайы өнімдер мен қызметтерге байланысты осы саясатқа қосымша деректердің өңделуіне қатысты келісімдер, пайдалану шарттары мен мәлімдемелер беріледі.

Саясат заңның өзгеруіне, құзыретті органдардың талаптарына немесе жеке деректерді өңдеуге қатысты тәжірибелеріміздегі өзгертулерге байланысты өзгеруі мүмкін. Қайта қаралған саясат біздің веб-сайтта жарияланады да, сол сәттен бастап дереу күшіне енеді. Қазіргі қолданыстағы саясатты біздің веб-сайттан кез келген уақытта оқуға болады: https://www.kaspersky.com/products-and-services-privacy-policy.

Осы саясат нұсқасы 2022 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Ақпарат көздері

Kaspersky компаниясы cіз туралы ақпаратты әр түрлі көздерден алуы мүмкін, атап айтқанда:

  • өнімдер мен қызметтер;
  • cіздің Kaspersky өнімдері мен қызметтеріне жазылымыңыз арқылы;
  • техникалық қолдау көрсету сұрауына жауап ретінде немесе өнімдер мен қызметтердің қажетті қызметін қамтамасыз ету үшін басқа байланыс жолымен; 
  • веб-сайттарымыздан;
  • маркетингілік немесе басқа байланысуларға жауаптан;
  • ұсынысқа, бағдарламаға немесе науқанға қатысу арқылы.

Егер бізге басқа тұлғаға қатысты кез келген ақпарат не материал берсеңіз, осы ақпаратпен бөлісу және сізге сипатталғандай оны болашақта ара-тұра біздің пайдалануымыз қолданыстағы заңға сәйкес болуын қамтамасыз етуіңіз керек; яғни, мысалы, заң талап етсе сол тұлғаға оның жеке деректерінің өңделуі туралы хабардар етіп, келісімін алуыңыз керек.

Сондай-ақ үшінші тараптардың ақпаратты (сондай үшінші тараптар алған) бізге жариялауына келісуіңіз мүмкін.

Пайдаланушылар берген ақпарат және біз ақпаратты қалай пайдаланамыз

Kaspersky компаниясы тарапынан жеке деректер әрдайым заңды және әділ өңделеді.

Өнімдер мен қызметтерді пайдалануды бастамай тұрып, Kaspersky компаниясына беретін ақпарат түрін әрдайым біліп отырасыз. Сіз беретін деректер өзіңіз пайдаланатын қызметтерге, өнімдерге және мүмкіндіктерге байланысты болады. Сіз беретін ақпарат туралы қосымша ақпарат алу үшін, Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімін, Kaspersky Security Network мәлімдемесін және өзіңіз пайдаланатын өнімдер мен қызметтердің басқа да құжаттарын қараңыз, әсіресе:

ҮЙДЕГІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ҮШІН (B2C):

  • СПЛК-НЫҢ «Ә» БӨЛІМІ, ОНДА КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ҮШІН ӨҢДЕЛУІ КЕРЕК ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН;
  • KASPERSKY SECURITY NETWORK МӘЛІМДЕМЕСІ, ОНДА АҚПАРАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЕР ТӨНГЕН ЖАҒДАЙДА ӨҢДЕЛУІ ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ РЕАКЦИЯСЫН ЖЫЛДАМДАТАТЫН ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН;
  • МАРКЕТИНГТІК МӘЛІМДЕМЕ, ОНДА ӨҢДЕЛУІ ӨНІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТАТЫН ЖӘНЕ ӨНІМГЕ ҚАТЫСТЫ ПАЙДАЛАНУШЫ ҚАНАҒАТТАНУШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН;
  • ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ӨҢДЕЛЕТІН ДЕРЕКТЕРДІ СИПАТТАЙТЫН НАҚТЫ БІР ӨНІМ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ БӨЛЕК МӘЛІМДЕМЕЛЕР, АНТИСПАМ МӘЛІМДЕМЕСІ, САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ, ВЕБ-ҚОРҒАУ МӘЛІМДЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМДЕМЕ. ӨНІМНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОСҚАНДА, ОСЫНДАЙ МӘЛІМДЕМЕЛЕРМЕН ТАНЫСУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ.

БИЗНЕСТІК ПАЙДАЛАНУШЫЛАР (B2B):

  • СПЛК-НЫҢ «ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР» БӨЛІМІ, ОНДА КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ҮШІН ӨҢДЕЛУІ КЕРЕК ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН;
  • KASPERSKY SECURITY NETWORK МӘЛІМДЕМЕСІ, ОНДА АҚПАРАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЕР ТӨНГЕН ЖАҒДАЙДА ӨҢДЕЛУІ ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ РЕАКЦИЯСЫН ЖЫЛДАМДАТАТЫН ДЕРЕКТЕР СИПАТТАЛҒАН. КЕЙБІР ӨНІМДЕРДЕ АТ ӘКІМШІСІ НЕМЕСЕ ӨНІМДІ ОРНАТУҒА ЖАУАПТЫ БАСҚА ҚЫЗМЕТКЕР ӨҢДЕЛЕТІН ДЕРЕКТЕРДІҢ КӨЛЕМІН ТАҢДАЙ АЛАДЫ;
  • ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ӨҢДЕЛЕТІН ДЕРЕКТЕРДІ СИПАТТАЙТЫН НАҚТЫ БІР ӨНІМ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ БӨЛЕК МӘЛІМДЕМЕЛЕР, МЫСАЛЫ, МАРКЕТИНГТІК МӘЛІМДЕМЕ, АНТИСПАМ МӘЛІМДЕМЕСІ, ҚОСЫМША МӘЛІМДЕМЕ ЖӘНЕ KASPERSKY MANAGED PROTECTION ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ, ВЕБ-ҚОРҒАУ МӘЛІМДЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМДЕМЕ. ӨНІМНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОСҚАНДА, ОСЫНДАЙ МӘЛІМДЕМЕЛЕРМЕН ТАНЫСУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ.

Өңдеу үшін алынған деректер өнімге немесе қызметке байланысты болады және пайдаланушыларға бағдарламалық құралды не қызметті орнату немесе пайдалану кезінде келіскен келісімдер мен қатысты мәлімдемелерді мұқият оқып шығуға кеңес беріледі.

Кейбір елдердің заңдарына сәйкес кейбір деректер жеке болмайды. Дерек түріне және дерек алынған немесе өңделген аумаққа қарамастан, біз ең жоғарғы деректерді қорғау стандарттарын пайдаланамыз және пайдаланушының деректерін қорғау, қауіпсіздігі мен құпиялығына кепілдік беру, сондай-ақ тиісті заң бойынша кепілдендірілген пайдаланушы құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін түрлі заңдық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қолданамыз.

Деректер Сіз пайдаланатын өнімдер мен қызметтерге байланысты және мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Лицензия/жазылым туралы ақпарат

Құқығы бар пайдаланушыларды анықтау үшін өңделеді. Бұл деректер өнім мен Kaspersky қызметтері арасында байланыс жасау, яғни өнім дерекқорын жіберу және алу, жаңартулар, т.б. үшін қажет.

  • Өнім туралы ақпарат

Өнімнің жұмысы және пайдаланушымен әрекеттесуі бойынша деректер де өңделеді. Мысалы, қатерді тексеру қанша уақыт алады? Басқалармен салыстырғанда қай мүмкіндіктер жиірек қолданылады? Осы және басқа сұрақтарға берілетін жауаптар әзірлеушілерге өнімдерді жақсартуға және оларды жылдам әрі қолайлы етуге көмектеседі.

  • Құрылғы туралы деректер

Құрылғының түрі, жұмыс жүйесі, т.б. сияқты деректер амалдық жүйені қайта орнатқаннан кейін пайдаланушы қауіпсіздік бағдарламасы үшін жаңа лицензияны сатып алмауы үшін қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл ақпарат кибер қатерлерді талдауға көмектеседі, себебі ол белгілі қатердің қанша құрылғыға әсер еткенін көрсетеді.

  • Анықталған қатерлер

Құрылғыда (белгілі не белгісіз) қатер табылса, ол туралы ақпарат Kaspersky компаниясына жіберіледі. Бұл қатерлерді, олардың көздерін, инфекциялау жолдарын, т.б. талдауға көмектесіп, нәтижесінде пайдаланушыларды жақсырақ көмектесуге септігін тигізеді.

  • Орнатылған қолданбалар туралы ақпарат

Бұл ақпарат зиянсыз қолданбалар тізімін жасауға көмектесіп, қауіпсіздік бағдарламаларының сондай қолданбаларды зиянды деп тануына жол бермейді. Сондай-ақ бұл деректер Ата-ана бақылауы және Қолданбаның іске қосылуын бақылау сияқты мүмкіндіктер үшін бағдарлама санаттарын жаңарту және кеңейту үшін пайдаланылады. Бұған қоса бұл ақпарат пайдаланушыларға олардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын қауіпсіздік шешімдерін ұсынуға көмектеседі.

  • Кірген URL мекенжайлары

URL мекенжайлары зиянды не зиянсыз екенін тексеру үшін жіберілуі мүмкін. Бұл ақпарат зиянсыз веб-сайттар тізімін жасауға көмектесіп, қауіпсіздік бағдарламаларының сондай веб-сайттарды зиянды деп тануына жол бермейді. Бұл деректер Kaspersky Safe Kids сияқты шешімдер үшін веб-сайт санаттарын жаңарту және кеңейту және Kaspersky Fraud Prevention сияқты өнімдерде қаржы операцияларын жақсырақ қорғау үшін пайдаланылады. Бұған қоса бұл ақпарат пайдаланушыларға олардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын қауіпсіздік шешімдерін ұсынуға көмектеседі. Пайдаланушының бастапқы браузер сұрауында есептік жазбалар мен құпиясөздер туралы ақпарат болса, ол қаралған URL мекенжайларынан, тіпті хост аты мен IP мекенжайына дейін жойылады. Кез келген жағдайда пайдаланушының есептік жазбалары мен құпиясөздерін өңдеу Kaspersky компаниясының мақсатына кірмейді және Kaspersky компаниясы осы деректерді өңдемеу үшін барлық ақылға қонымды және тиісті шараларды қолданады.

  • Амалдық жүйе оқиғалары

Жаңа зиянкес бағдарламаларды көбіне тек олардың күдікті әрекеті арқылы анықтау мүмкін болады. Сол себепті өнім құрылғыда іске қосулы процестердегі деректерді талдайды. Бұл зиянды әрекеттерге нұсқау жасайтын процестерді ерте анықтауға және пайдаланушы деректерін жою сияқты зиянды салдарды болдырмауға мүмкін береді.

  • Күдікті файлдар және қаскүнемдер пайдалануы мүмкін файлдар

Егер құрылғыда күдікті әрекеті байқалған (әлі) белгісіз файл анықталса, ол автоматты түрде машиналық оқуға негізделген технологиялар және сирек жағдайда зиянкес бағдарлама аналитигі тарапынан қосымша талдауға жіберілуі мүмкін. «Күдікті» санатына негізінен орындалатын файлдар (.exe) кіреді. Жалған оң нәтижелердің ықтималдығын азайту мақсатында орындалатын және орындалмайтын зиянсыз файлдар немесе олардың бөліктері жіберілуі мүмкін.

  • Wi-Fi байланыс деректері

Бұл ақпарат пайдаланушыларға қауіпсіз емес (яғни нашар қорғалған) Wi-Fi қосылу нүктелері туралы ескерту жасау үшін талданып, жеке деректердің кездейсоқ ұсталып қалуына жол бермейді.

  • Пайдаланушының байланыс деректері

Электрондық пошта мекенжайлары Kaspersky веб-порталдарында (My Kaspersky, Kaspersky CompanyAccount, Kaspersky Endpoint Security Cloud, т.б.) авторизациялау үшін қолданылады, ол пайдаланушыларға өз қорғанышын қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Электрондық пошта мекенжайлары Kaspersky өнімдерінің пайдаланушыларына қауіпсіздік хабарларын (мысалы, маңызды ескертулері бар) жіберу үшін қолданылады. Сондай-ақ пайдаланушылар My Kaspersky порталында және эл. пошталарында аталатын аттарын (немесе лақап аттарын) көрсете алады. Байланыс мәліметтерін пайдаланушылары өз ұйғарымы бойынша береді.

  • Дамп және трассирлеу файлы

Өнім параметрлерінде арнайы ұяшыққа құсбелгі қойып, пайдаланушылар сондай-ақ қате есептерін Kaspersky серверіне жібере алады. Бұл ақпарат (1) өнімде орын алған қателерді талдауға және болашақта тиімдірек қызмет етуі үшін сәйкесінше түрлендіруге және (2) пайдаланушының жүйесіне төнетін қатерлерді жұмсарту үшін пайдаланушының компьютеріне инфекция жұғуын тергеуге көмектеседі.

  • Электрондық хаттар

Спамға қарсы функцияны пайдаланған кезде, Kaspersky электрондық хаттарды тексеріп, сізді спам мен алаяқтықтан қорғау үшін олар туралы ақпаратты пайдаланады. Сіз Kaspersky компаниясына бір электрондық хаттың спам екенін немесе бағдарламалық құрал оны қателесіп спам деп анықтағанын көрсеткен кезде, сіз біздің оны талдауымызға көмектесіп, пайдаланушыларға жоғарырақ қорғау сапасын ұсынуымызға мүмкіндік бересіз.

  • Ұрланған құрылғы туралы деректер

Ұрлыққа қарсы мүмкіндік ұрланған жағдайда мобильді телефоныңыздағы деректерді қорғауға бағытталған белгілі қашықтан кіру және бақылау функцияларын ұсынады, сондай-ақ ұрланған құрылғының орны туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ұрлыққа қарсы мүмкіндік бұл функциялар жұмыс істеуі үшін телефоныңыз және мақұлданған пайдаланушылар туралы деректерді сақтауы тиіс.

  • Баланы қорғау мүмкіндігіне арналған деректер

Ата-ана немесе сондай жауапкершілігі бар тұлға Kaspersky Safe Kids сияқты баланы қорғау мүмкіндігін пайдаланғысы келсе, ол баланың құрылғысы және баланың орны туралы ақпаратты ала алады. Бұған қоса ата-ана немесе сондай жауапкершілігі бар тұлға арнайы веб-сайттарды құлыптау немесе оларға рұқсат беру және/немесе белгілі қолданбалардың бала құрылғысына жұмыс істеуге рұқсат беру не тыйым салу үшін параметрлерді реттей алады. Kaspersky балалар дерегін осындай мүмкіндік шегінен тыс жинамайды.

  • Мобильді құрылғының бірегей идентификаторы

Бұл құрылғының идентификаторы құрылғының Жарнама идентификаторының көмегімен Android 8 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған пайдаланушы құрылғысында жасалады. Біз Жарнамалау идентификаторын ашық мәтінде өңдемейміз; біз оны тек хэш-сомасында өңдейміз. Пайдаланушы Жарнамалау идентификаторының мәнін қалпына келтірген жағдайда, мобильді құрылғының бірегей идентификаторының жаңа мәні ескі мәнмен біріктіріледі, бұл құрылғыны қызметтермен дұрыс пайдалану үшін қажет болады.

KASPERSKY ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЗАҢДЫ ЖӘНЕ KASPERSKY БИЗНЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ, АЛДЫН АЛА АНЫҚТАЛҒАН МАҚСАТТАР ҮШІН ҒАНА ӨҢДЕЙДІ.

  • Пайдаланушылармен жасалған келісімшарттардың іске асырылуын және клиенттердің өнімдері мен қызметтерінің қажетті жұмысын қамтамасыз ету үшін.
  • Пайдаланушыны белгілі ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғау үшін.
  • Лицензияның заңды екенін растау үшін.
  • Антивирустық дерекқорларды жаңарту.
  • Құрылғыларды, желілерді және ақпараттық жүйелерді қорғау тиімділігін арттыру, атап айтқанда жаңа ақпараттық және желілік қауіпсіздік қатерлері кезінде жылдамырақ шара қолдану, бағдарламалық құралдың қорғаныс компонентінің өнімділігін арттыру, жалған дабылдардың орын алу мүмкіндіктерін азайту үшін.
  • Киберқауіпсіздікке төнетін жетілген және бұрын белгілі болмаған қауіптерді анықтау және оларға қарымта шаралардың уақытын азайту. Қосымша мәліметтер төмендегі «Киберкеңістікті қорғау үшін қатерлерді талдау» бөлімінде берілген.
  • Пайдаланушы тәжірибесін және өнімдеріміз бен қызметтерімізді, соның ішінде мүмкіндіктерді, функцияларды және интерфейстерді жақсарту.
  • Клиенттерге өнімдер мен қызметтерге қатысты техникалық қолдау көрсету және өнімдер мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін.
  • Статистикалық зерттеу мен талдаулар жүргізу арқылы үйде пайдаланушылар үшін өнімдердің жинақталған шолуын алу. Қосымша мәліметтер төмендегі «Өнімдерге статистикалық зерттеу жүргізу» бөлімінде берілген.
  • Пайдаланушыларды Kaspersky компаниясынан берілген дербестендірілген ақпаратпен және ұсыныстармен, соның ішінде өнім мүмкіндіктеріне, қауіпсіздік деңгейлерін сақтауға қатысты ақпаратпен және ұсыныстармен, қолдауға және анықтамаға қатысты басқа материалдармен, сондай-ақ пайдаланушының қызығушылықтары мен қалауларына сүйене отырып Kaspersky компаниясының және үшінші тараптардың өнімдері мен қызметтерімен, маркетингтік ұсыныстарымен, жеңілдіктерімен және жарнамалық материалдарымен қамтамасыз ету.

Киберкеңістікті қорғау үшін қатерлерді талдау

Зиянды бағдарламалық құралдардың жаңа буындары үнемі пайда болып отырады және олардың көбі қолданыстағы қауіпсіздік шешімдерін айналып өту үшін жаңа, жетілдірілген әдістерді қолданады. Мұндай ұдайы өзгеріп отыратын ортада қорғау қатерлердің көрінісін мұқият талдап, деректерді пайдаланушыларымыз үшін деректерден шара қолдануға мүмкіндік беретін ақпаратты сүзген кезде ғана нәтижелі болмақ. Бұған қол жеткізу үшін, қауіпсіздік шешімдерінде қатерлер туралы деректермен жұмыс істеудің мейлінше кең ауқымын ең зерделі деректерді өңдеу технологияларымен ұштастыратын бұлттық амал қолданылуы керек.

Біздің инфрақұрылымымыз күрделі жаһандық киберқатерлер туралы деректерді қабылдап және өңдеп, оларды өнімдеріміздің қуатын арттыратын шара қолдануға мүмкіндік беретін қатерлер туралы ақпаратқа айналдыруға арналған. Қатерлерге қатысты деректердің негізгі көзі пайдаланушыларымыздан келеді. Деректерін бөлісіп, оларды жасанды ақыл-ой мен мамандардың сақтап, талдауына рұқсат беру арқылы олар дүние жүзіндегі пайдаланушылардың ең жаңа киберқатерлерден қорғалуын қамтамасыз етуімізге көмектеседі. Атап айтқанда, KSN пайда болып жатқан киберқатерлерге жылдам шара қолдануымызға көмектесе отырып, қорғаудың мейлінше жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді және жалған оң нәтижелерді азайтуға көмектеседі.

Сіз инфрақұрылымымыздың алуына рұқсат ететін деректердің мөлшері пайдаланылатын өнімге, оның конфигурация параметрлері мен таңдауларына байланысты.

Бұл амал пайдаланушыларымыз бен жалпы киберкеңістікке бірқатар артықшылық ұсынады, соның ішінде:

  • Жетілдірілген және бұрын белгісіз болған зиянды бағдарламалық құралдарды анықтау;
  • Анықтау қателерін (жалған оң нәтижелер) азайту;
  • Жаңа қатерлерге қарсы шара қолдану уақытын айтарлықтай азайту.

Өнімдерге статистикалық зерттеу жүргізу

Ағымдағы пайдаланушылардың тәжірибесін жақсарту, өнімдеріміз бен қызметтерімізді әзірлеу, әлеуетті нарықтарды анықтау және іскерлік мүмкіндіктер жолында жұмыс істеудің жолдарын жақсырақ түсіну мақсатында біз үйде пайдаланушылар үшін өнімдердің жинақталған шолуын алу үшін зекрттеу жүргізіп, статистикалық талдаулар жасаймыз. Әрине, біз мұны орынды себеппен және заңды негізге сүйене отырып жасаймыз. Оған қоса, біз деректердің қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін міндетті түрде техникалық және ұйымдастыру шараларын іске асырамыз. Мысалы, біз деректерге статистикалық талдау жүргізгенде, олар ең алдымен сол мақсат үшін деидентификация процесінен өтеді. Бұл біздің құпиялық қағидаларымызға сай (қосымша мәліметтерді төмендегі «Құпиялық қағидалары» бөлімінен қараңыз).

Деректерді өңдеудің құқықтық негіздері

Біз пайдаланатын құқықтық негіз жеке деректерді өңдеудің мақсатына байланысты және ол мыналар болуы мүмкін:

  • Келісімшарт – ДҚЖЕ ережесінің 6-бабының (1) (b) тармағына сәйкес, келісімшартты орындауға қажетті кей деректерді өңдеуіміз керек болған жағдайларда, мысалы, пайдаланушы бағдарламалық құралды пайдалану үшін EULA шарттарын қабылдағанда;
  • Келісім – ДҚЖЕ ережесінің 6-бабының (1) (a) тармағына сәйкес, пайдаланушы бізге KSN мәлімдемесіне, Маркетингтік мәлімдемеге, Антиспам мәлімдемесіне, Қосымша мәлімдемеге, Kaspersky Managed Protection қызметіне арналған деректерді өңдеуге қатысты мәлімдемеге, Веб-бақылауға арналған деректерді өңдеуге қатысты мәлімдемеге (Бұрын «Ата-ана бақылауына арналған деректерді өңдеуге қатысты мәлімдеме» деп аталған), Қоңыраулар сүзгісіне арналған деректерді өңдеуге қатысты мәлімдемеге немесе Техникалық қолдау мәлімдемесіне қатысты деректер жіберген жағдайларда;
  • Құқықтық міндеттеме – ДҚЖЕ ережесінің 6-бабының (1) (c) тармағына сәйкес, біз деректерді заң талаптарын орындау үшін, мысалы, салық мақсаттарында өңдеуіміз керек болған жағдайларда;
  • Заңды мүдде – ДҚЖЕ ережесінің 6-бабының (1) (f) тармағына сәйкес, мұндай мүдделерден пайдаланушының мүдделері немесе негізгі құқықтары мен еркіндіктері басым болмаса, киберқауіпсіздік компаниясы ретінде біздің заңды мүдделеріміз болған жағдайларда. Мұндай жағдайларға деректерге статистикалық талдаулар жүргізуге дайындық ретінде олар деидентификациядан өтетін және жасанды ақыл-ойды пайдалану және/немесе мамандарымыздың білімі мен тәжірибесіне сенім арту арқылы жеке деректер инфрақұрылымдарымызда сақталып, оларда жаңа пайда болған және ықтимал киберқауіптер бар-жоғын талданатын өңдеу сценрийлері кіреді. ДҚЖЕ ережесінің 49-мәлімдеме тармағында желі және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті және мөлшерлес дәрежеде жеке деректерді өңдеу компанияның заңды мүддесі екені мойындалады. Кейбір жергілікті заңдар бойынша, «Сіздің құқықтарыңыз бен опцияларыңыз» бөлімінде сипатталғандай, жеке деректеріңізге қатысты құқықтарыңызды жүзеге асыруға құқығыңыз болуы мүмкін. Бұл құқығыңызды қолданғыңыз келсе, https://support.kaspersky.com/general/privacy арқылы бізге хабарласыңыз.

ДЕРЕКТЕРДІҢ ӨҢДЕЛУІН ШЕКТЕУ

ӨНІМ НЕМЕСЕ МҮМКІНДІК ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ДЕРЕКТЕРДІ БЕРМЕУДІ ТАҢДАСАҢЫЗ, СОЛ ӨНІМДІ НЕМЕСЕ МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНА АЛМАУЫҢЫЗ МҮМКІН. МІНДЕТТІ ДЕРЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ ТҮПКІ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМІНДЕ БЕРІЛГЕН. KASPERSKY SECURITY NETWORK МӘЛІМДЕМЕСІ НЕМЕСЕ МАРКЕТИНГТІК МӘЛІМДЕМЕ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ӨНІМ ПАРАМЕТРЛЕРІНДЕГІ ТИІСТІ ҰЯШЫҚҚА ҚҰСБЕЛГІ ҚОЮ АРҚЫЛЫ БІЗГЕ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА БЕРЕ АЛАТЫН ДЕРЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІН ҚАМТИДЫ (СОНДАЙ-АҚ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА БҰЛ ШЕШІМІНЕН БАС ТАРТУҒА ҚҰҚЫЛЫ БОЛАДЫ).

Біз өңдемейтін деректер

Kaspersky өз өнімдері мен қызметтері арқылы діні, саяси көзқарастары, сексуалдық қалауы немесе денсаулығы сияқты «құпия» жеке деректерді немесе жеке деректердің арнайы санаттарын өңдемейді. Біз бұндай деректерді алуға тырыспаймыз және олардың Сізден сұрамаймыз.

Kaspersky өнімдерін ересек адам орнатуға және пайдалануға тиіс. Kaspersky өнімі орнатылған құрылғыны балалар тек ата-аналарының немесе сондай жауапкершілігі бар тұлғалардың рұқсатымен пайдалануы тиіс. «Баланы қорғау мүмкіндігіне арналған деректерден» басқа балалардың жеке деректерін өңдеуге ниетті емеспіз және балалардың жеке ақпаратын алуға тырыспаймыз.

Ақпарат беру

Біз тек мынадай жағдайларда ақпаратты жариялауымыз мүмкін:

  • Kaspersky компаниялары тобының ішінде. Деректер ортақ пайдаланылуы мүмкін.
  • Қызмет провайдерлері. Сондай-ақ біз ақпаратты бізге қызметтер көрсететін вендорлармен, соның ішінде веб-талдау, деректер өңдеу, жарнама, электрондық хаттарды тарату, төлемді өңдеу, тапсырысты орындау және басқа да қызметтер көрсететін компаниялармен бөлісуіміз мүмкін.
  • Құқық қорғау органы немесе атқарушы билік органы. Kaspersky дүние жүзі бойынша құқық қорғау және атқарушы билік органдарының сұрауларына қатысты қатаң қағидалар мен ішкі процедураларды ұстанады. Біз қабылдаған әр сұрау біздің қолданыстағы заңдар мен процедуралардың талаптарын орындауымызды қамтамасыз ету үшін құқықтық тексеруден өтеді. Kaspersky компаниясының қағидалары туралы толық ақпаратты https://www.kaspersky.com/transparency-center веб-сайтынан табуға болады.

Кейбір өнімдеріміз, мысалы Kaspersky Secure Connection, құпиялық тәжірибелері Kaspersky тәжірибесінен өзгеше болатын үшінші тараптардың қызметтерін пайдаланатынын ескеріңіз. Осы қызметтердің кез келгеніне жеке деректер берсеңіз, деректеріңіз солардың құпиялық мәлімдемесімен реттеледі. Тиісті құпиялық мәлімдемелерінде сипатталған деректерді өңдеу ережелерімен және процедураларымен танысу үшін өзіңіз жауаптысыз.

Ақпарат өңделетін жер

Пайдаланушылар Kaspersky компаниясына берген жеке деректер мына елдерде, соның ішінде Еуропалық Одақтан (ЕО) немесе Еуропалық Экономикалық Аумақтан (ЕЭА) тыс елдерде өңделуі мүмкін:

ЕО немесе ЕЭА ішінде:

  • Германия
  • Нидерланд
  • Франция
  • Біріккен Корольдік
  • Швеция
  • Италия
  • Испания
  • Румыния

ЕО немесе ЕЭА аумағынан тыс:

  • Швейцария
  • Канада
  • Сингапур
  • Ресей
  • Жапония
  • АҚШ
  • Мексика
  • Қытай
  • Әзірбайжан
  • Бразилия
  • Аргентина
  • Израиль
  • БАӘ
  • Оңтүстік Корея
  • Австралия
  • Беларусь

Пайдаланушы берген деректерді өңдей алатын елдер тізімі өзгеруі мүмкін. Ағымдағы елдер тізімімен веб-сайттағы Құпиялық саясатының нұсқасында танысуға болады https://www.kaspersky.com/products-and-services-privacy-policy.

Жалпы іс жүргізу практикамызға сәйкес ЕО-дағы пайдаланушылардан алынған деректер ЕО мен Ресейде орналасқан серверлерде өңделеді.

Еуропалық комиссия тиісті деректерді қорғау деңгейі жоқ деп анықтаған кейбір жеке деректер ЕО немесе ЕЭА шегінен тыс жерлерде өңделуі мүмкін. Сондай-ақ, олар бізге немесе қызмет көрсетушілеріміздің біріне жұмыс істейтін ЕО немесе ЕЭА шегінен тыс тұратын қызметкерлеріміздің тарапынан өңделуі мүмкін. Еуропалық комиссия таныған тиісті шешімдер немесе қорғау шаралары болмаған кезде, жеке деректер ЕО немесе ЕЭА шегінен тыс жерлерге тасымалданған жағдайда пайдаланушы үшін қатерлер болуы мүмкін.

Деректер өңделгенде біз әрдайым ең жоғары деректерді қорғау стандарттарын пайдаланамыз және пайдаланушы деректерін қорғау, қауіпсіздік пен құпиялыққа кепілдік беру және пайдаланушы құқықтарын қамтамасыз ету үшін түрлі заңды шаралар қолданамыз. Еуропалық комиссияның Kaspersky деректерді өңдейтін елдердегі жеке деректерді қорғау тиімділігі бойынша шешімдері туралы қосымша ақпарат алу үшін, мына сайтқа өтіңіз: ec.europa.eu/info/law/law-topic/data-protection/international-dimension-data-protection/adequacy-decisions_en.

Сіздің құқықтарыңыз бен опцияларыңыз

Жеке деректеріңізге қатысты белгілі құқықтарыңыз бар. Сондай-ақ, бізге беретін жеке деректеріңіздің түрі, сол ақпараттың пайдаланылу жолы және сізбен байланысу жолымыз бойынша белгілі опциялар ұсынамыз.

Көп жағдайда Kaspersky өнімдерін, қызметтері мен веб-сайттарын пайдаланғанда бізге жеке деректеріңізді бермеуіңізге де болады. Сондай-ақ, ақпаратты тікелей бізге беруден де бас тартуға құқылысыз. Дегенмен сұралған кезде жеке деректеріңізді бермесеңіз, Kaspersky өнімдері мен қызметтерін толық ауқымда пайдалана алмауыңыз ықтимал және біз Сізге өнімдер, қызметтер мен науқандар туралы ақпарат ұсына алмауымыз мүмкін.

Бізден маркетингтік электрондық хаттар алу үшін бұрын жазылған болсаңыз, олардағы жазылудан бас тарту сілтемесін басу арқылы кез келген уақытта маркетингтік хабарландырулар алуды тоқтата аласыз.

Жұмыс берушіңіз Kaspersky компаниясына жеке деректеріңізді берсе, Kaspersky компаниясының ақпаратты пайдалануына немесе жариялауына қатысты белгілі опцияларыңыз болуы мүмкін. Опциялар туралы білу және оларды пайдалану үшін жұмыс берушіңізге хабарласыңыз.

Қолданыстағы заң ауқымында бізге бұрын берген кез келген келісіміңізден бас тартуыңызға немесе заңды негізде жеке деректеріңіздің өңделуіне қарсы шығуыңызға болады. Болашақта Сіздің қалауыңызды ескеретін боламыз. Белгілі жағдайларда Kaspersky компаниясына жеке деректеріңізді пайдалануға немесе жариялауға берген келісіміңізден бас тарту нәтижесінде кейбір Kaspersky өнімдері мен қызметтерінің артықшылықтарын пайдалана алмауыңыз мүмкін.

Қолданыстағы заңға сәйкес сіздің мынадай құқықтарыңыз болуы мүмкін:

  • Біздің сіз туралы жеке деректерді сақтайтынымыздың растауын алу;
  • Жеке деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін сұрау және олар туралы ақпарат алу;
  • Сіздің бізге берген жеке деректеріңіздің көшірмелерін, сондай-ақ машина оқи алатын пішімде алу және техникалық тұрғыдан мүмкін болған жағдайда оларды басқа деректерді басқарушыға жіберту;
  • Жеке деректеріңіздегі дәлсіздіктерді жаңарту және түзету;
  • Жеке деректеріңіздің өңделуіне қарсылық білдіру;
  • Тиісті жағдайларда ақпаратты бұғаттату, аноним еткізу немесе жойғызу
  • Қадағалаушы органға шағым түсіру.

Жеке деректерге қол жеткізу құқығы кей жағдайларда жергілікті заңның немесе технологиялық шаралардың талаптары бойынша, соның ішінде деректер аноним етілген жағдайларда шектелуі болуы мүмкін, сондықтан жеке басы анықталған немесе жеке басын анықтауға болатын жеке тұлғамен байланыстырылмайды. Бұл құқықтарды қолданғыңыз келсе, https://support.kaspersky.com/general/privacy мекенжайы бойынша кез келген уақытта бізге тікелей хабарласа аласыз.

Тегін өнімдерімізді пайдаланатын жағдайларда деректердің өңделуіне қарсылық білдіргіңіз келсе немесе келісіміңізді қайтарғыңыз келсе, өнімді пайдалануды тоқтату және/немесе жою керек. Жіберіліп қойылған деректерді жою құқығыңызды қолданғыңыз келсе, https://support.kaspersky.com/general/privacy арқылы жоюды сұрау үшін тікелей бізге хабарласыңыз.

Егер біз Сіздің жеке деректеріңізді өңдеу бойынша үміттеріңізді ақтамасақ немесе біздің құпиялық саясатымыз туралы шағым жасағыңыз келсе, оны бізге хабарлаңыз, біз мәселені шешуге тырысамыз. Төмендегі «Бізге хабарласу» бөлімінде берілген байланыс мәліметтерін пайдаланып бізге хабарласуыңызға болады. Сұрауыңызға жауап беруге көмектесу үшін, мәселені толық сипаттаңыз. Барлық шағымдарды ақылға қонымды уақытта қарастырып, шешуге тырысамыз.

Құпиялық қағидалары

Kaspersky компаниясындағы жеке деректердің өңделуі мынадай қағидаларға негізделген:

Келісім және таңдау

  • Пайдаланушылар келісім беруден бас тарта алмайтын жағдайларды немесе қолданыстағы заң жеке деректерді жеке тұлғаның келісімінсіз өңдеуге арнайы рұқсат беретін жағдайларды қоспағанда, пайдаланушыларға олардың жеке деректерінің жіберілуіне рұқсат беру немесе бермеу құқығын ұсыну. Пайдаланушы таңдауы еркін жасалуы, нақты және саналы болуы тиіс;
  • Жеке қатысу және қол жеткізу қағидалары негізінде келісім алмай тұрып пайдаланушыларға ақпарат беру;
  • Келісім алмай тұрып пайдаланушыларға ашықтық, жариялылық және хабарландыру қағидаларына сәйкес ақпарат ұсыну; және
  • Пайдаланушыларға келісім беру немесе бермеу салдарды туралы түсіндіру.

Заңдылық мақсаты және сипаттамасы

  • Мақсат(тар) қолданыстағы заңға сәйкес және рұқсат етілген заңды негізге арқа сүйейтінін қамтамасыз ету;
  • Ақпарат жаңа мақсатта бірінші рет пайдаланылмай тұрып, мақсатты (тарды) пайдаланушыларға хабарлау;
  • Осы спецификация үшін түсінікті әрі жағдайға бейімделген тілді пайдалану.

Деректерді өңдеу шектеуі

  • Жеке деректерді қолданыстағы заң ауқымында болатын шамада және тек көрсетілген мақсатқа(тарға) қажет болған жағдайларда жинау.
  • Жеке деректерді өңдеу мақсатының мерзімі өткеннен кейін, жеке деректерді сақтауға заңды талап жоқ немесе солай істеу тиімді болғанда жеке деректерді жою немесе аноним ету.

Пайдалану, сақтау және жариялауға шектеу

  • Жеке деректердің пайдаланылуын, сақталуын және жариялануын арнайы, нақты және заңды мақсаттарға жету үшін қажеттілерімен шектеу;
  • Қолданыстағы заң бойынша басқа мақсат анық қажет болғанша, деректерді алмай тұрып жеке деректердің пайдаланылуын Kaspersky компаниясы көрсеткендерімен шектеу;
  • Жеке деректерді сақтау мәлімденген мақсаттарды орындауға (мысалы, өнімнің лицензия шарттарына байланысты әдетте 1 жыл және қажет болған жағдайда қандай да бір жаңарту мерзіміне тең Kaspersky компаниясы мен сіздің араңыздағы тиісті лицензиялық келісімнің мерзімі бойы лицензия шарттары бойынша талап етілетін жеке деректерді сақтау) және одан кейін қауіпсіз жолмен жоюға немесе анонимді етуге қажет мерзім бойы ғана сақтау;
  • Жеке деректерді құқықтық міндеттемелерді орындауға, заң талаптарын орындауға, дауларды, соның ішінде азаматтық дауларды, сот процестерін немесе тергеулерді шешуге қажетті мерзім бойы ғана сақтау;
  • Жеке деректерді заңды мүдделерді орындауға қажетті мерзім бойы ғана сақтау; және
  • Мәлімденген мақсаттардың мерзімі өткен соң, бірақ қолданыстағы заңдардың талаптарын орындау үшін сақтау керек болған жағдайда кез келген жеке деректерді құлыптау (яғни, мұрағаттау, қауіпсіз ету және жеке деректерді кейінгі өңдеуден алып тастау).

Дәлдік және сапа

  • Өңделетін жеке деректердің дәл, толық, жаңа (ескірген деректерді сақтауға заңды негіз болмайынша), жарамды және қолданылу мақсатына сәйкес болуын қамтамасыз ету;
  • Өңдеу алдында пайдаланушыдан басқа көзден алынған жеке деректердің сенімділігін тексеру;
  • Жарамды болғанда жеке деректерге өзгертулер енгізбей тұрып, тиісті тәсілдермен пайдаланушы талаптары негізді әрі дұрыс екенін тексеру (өзгертулерге тиісті рұқсаттардың берілуін қамтамасыз ету үшін);
  • Дәлдік пен сапаны қамтамасыз етуге көмектесу үшін жеке деректерді өңдеу процедураларын орнату; және
  • Жеке деректерді өңдеу дәлдігін және сапасын жүйелі түрде тексеріп отыру үшін бақылау механизмдерін орнату.

Ашықтық және хабарландыру

  • Пайдаланушыларға Kaspersky саясаттары туралы анық әрі оңай қолжетімді ақпарат беру;
  • Жеке деректерді өңдеуге қатысты процедуралар мен практикалар орнату;
  • Хабарландыруларға жеке деректердің өңделетіні туралы мәліметті, олардың өңделу мақсаты, жеке деректер жариялануы мүмкін құпиялыққа мүдделі тараптардың түрлері және жоғарыдағыларды анықтайтын тұлғаның идентификациясы және хабарласу жолы туралы ақпаратты қосу;
  • Ақпаратының өңделуін шектеу және қол жеткізу, түзету және өшіру мақсатында пайдаланушыларға Kaspersky компаниясы ұсынған опциялар мен әдістерді жариялау;
  • Жеке деректерді өңдеу процедураларында елеулі өзгертулер орын алғанда, пайдаланушыларға хабарландыру жасау.

Жеке қатысу және қол жеткізу

  • Алдымен тұлғасы тиісті тексеру деңгейімен расталғаннан кейін және сондай қол жеткізу мүмкіндігіне қолданыстағы заңмен тыйым салынбаған болса, пайдаланушыларға бізбен байланысу («Бізге хабарласу» бөлімінде берілген байланыс мәліметтерін пайдаланып) және жеке деректерін қарап шығу мүмкіндігін беру;
  • Пайдаланушыларға жеке деректердің дәлдігі мен толықтығына шағым жасауға және оларды тиісінше және белгілі ауқымда мүмкін болғанша жөндеуге, түзетуге немесе жоюға рұқсат ету («Бізге хабарласу» бөлімінде берілген байланыс мәліметтерін немесе өнімдеріміз бен қызметтеріміздің интерфейсін пайдаланып);
  • Белгілі болғанда жеке деректер жарияланған дерек өңдеушілеріне және үшінші тараптарға кез келген жөндеулерді, түзетулерді немесе жоюларды қамтамасыз ету; және
  • Пайдаланушыларға осы құқықтарды қарапайым, жылдам және тиімді жолмен, орынсыз кешігу мен шығынды тудырмайтындай етіп іске асыруға мүмкіндік беретін процедуралар орнату.

Ақпараттық қауіпсіздік: Сіздің құпиялығыңызды қалай қорғаймыз

Ақпараттық қауіпсіздік Kaspersky компаниясының негізгі қызметі болып табылады. Сіз берген барлық деректер мен ақпарат әдепкі күйде құпия болып табылады. Kaspersky компаниясы жеке деректерді өңдеуден туындайтын нақты тәуекелдерді, сондай-ақ ең соңғы қауіпсіздік стандарттары мен процедураларын есепке ала отырып, тиісті әрі тиімді жеке деректерді қорғаудың техникалық және ұйымдастырушылық қорғаныс шараларын әрдайым қолданады. Басқа себептермен қоса тиісті қорғаныс деңгейін анықтау және қамтамасыз ету үшін Kaspersky компаниясы өңдеу жүйелерін жеке деректермен жіктейді және қорғаныс шараларының каскадты жиынын қолданады.

Сондай-ақ Kaspersky компаниясы ақпаратты жоғалудан, дұрыс пайдаланбаудан, зақымданудан немесе өзгертілуден және рұқсатсыз қол жеткізуден не жариялаудан қорғау үшін физикалық, электрондық және процедуралық қорғаныш шараларын қолданады. Ақпараттық қауіпсіздік бағдарламамыздың кейбір орталық мүмкіндіктері мынадай:

  • Ақпараттық қауіпсіздік бағдарламамызды жобалайтын, қолданатын және бақылайтын Ақпараттық қауіпсіздік департаменті;
  • Kaspersky өңдеу жүйесін жұмысы кезінде жеке деректерге төнетін қатерлерді анықтау;
  • Тиісті ақпараттық қауіпсіздік құралдарын қолдану;
  • Өңдеу жүйелерін іске қоспай тұрып қолданылған жеке деректерді қорғау шараларының тиімділігін бағалау;
  • Түрлі қызметтерге немесе веб-сайттарға кіру мүмкіндіктерін анықтау, тексеру және рұқсат ету үшін бақылау элементтерін қолдану;
  • Жеке деректерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін анықтау және тиісті шаралар қолдану;
  • Өзгертілген немесе жойылған жеке деректерді қалпына келтіру;
  • Kaspersky өңдеу жүйелерінде өңделетін жеке деректерге қол жеткізу ережелерін белгілеу және осы жүйелерде жеке деректерге қатысты іске асырылған барлық әрекеттерді тіркеу және есепке алу;
  • Клиенттеріміз бен серверлеріміздің арасындағы шифрлау (және біздің түрлі дерек орталықтары арасында);
  • Біз қызметкерлеріміздің және оны біз үшін өңдеу мақсатында ақпаратты білуі тиіс және ақпаратқа қатысты қатаң келісімшарттық құпиялық міндеттемелері жүктелген мердігерлердің деректерге қол жеткізу мүмкіндігін шектейміз. Осы міндеттемелерді орындамаған жағдайда олар тәртіпті жазаға тартылуы немесе олармен жасалған келісімшарт бұзылуы мүмкін;
  • Әлсіздіктерді және ықтимал заңсыз кірулерді анықтау үшін жүйелерімізді бақылау;
  • Жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылған шараларды бақылау;
  • Жаңа тәуекелдердің пайда болуына және технологияның дамуына байланысты Kaspersky компаниясы қызметкерлерін тиісті оқытудан өткізу және қауіпсіздік практикаларымызды үнемі жетілдіріп отыру.

Бізге хабарласу

Егер осы Құпиялық саясаты және «Kaspersky» компаниясының тәжірибелері туралы қандай да бір сұрақтарыңыз немесе пікірлеріңіз болса, не болмаса сіздің бізге берген ақпаратыңызды немесе артықшылықтарыңызды жаңартқанымызды немесе жойғанымызды қаласаңыз, https://www.kaspersky.com/global-privacy-policy веб-бетіне кіріңіз, не болмаса мына мекенжай немесе телефон нөмірі арқылы «Kaspersky» компаниясының ЕО-дағы өкіліне хабарласуыңызға болады: ДҚЖЕ 13 (1) бабының (a) тармағына және 27 (1) бабына сәйкес Kaspersky Labs GmbH, Ingolstadt, Germany, info@kaspersky.de, +49 (0) 841 98 18 90 немесе ДҚЖЕ 13 (1) бабының (b) тармағына және 37 (1) бабына сәйкес ЕО-дағы деректерді қорғау жөніндегі қызметкерімізге басқа елдерден де dpo@kaspersky.com мекенжайы бойынша хабарласуыңызға болады.

© 2022 АО «Лаборатория Касперского»