Веб-сайттың құпиялық саясатының («Саясат») тарихын өзгерту
Веб-сайттың құпиялық саясаты бар бетке оралу
Сәуір, 2020 жыл
- Біз Құпиялық саясатына қатысты сұрақтар немесе түсініктемелер бойынша байланысу ақпаратын жаңарттық.
Наурыз, 2020 жыл
- Біз Kaspersky Business Hub туралы ақпаратты жаңартып, оны жеке бөлімде бердік.
- Біз Kaspersky Endpoint Security Cloud бойынша қызметтің сипаттамасын, сақталатын деректер мен сақтау мерзімі туралы ақпаратты жаңарттық.
- Сондай-ақ біз Kaspersky Security Center Cloud Console бойынша қызметтің сипаттамасын, сақталатын деректер мен сақтау мерзімі туралы ақпаратты жаңарттық.
Қаңтар, 2020 жыл
- Kaspersky CompanyAccount бөлімін тіркелгіге қосымша электрондық пошта мекенжайларын қосу туралы ақпаратпен жаңарттық.
Қазан, 2019 жыл
- Біз Kaspersky Security Center Cloud Console пайдаланған кезде жеке деректерді өңдеу және құпиялылығы туралы ақпаратты қостық.
Тамыз, 2019 жыл
- Біз «Қолдау» бөлімін өзгерттік. Кейбір жағдайларда, «Техникалық қолдау қызметіне» хабарласқаныңызда біз сізден өнімдерімізге төленген банк картасының соңғы 4 цифрын сұрауымыз мүмкін.
- Біз Kaspersky Lab VirusDesk бөлімін қосымша талдау үшін файлдарды тасымалдаулар туралы ақпаратпен жаңарттық.
- «Office 365 үшін Kaspersky Security» бөлімінде біз OneDrive қызметін қолдау туралы ақпаратты қостық.
Қаңтар, 2019 жыл
- «Біз cookie файлдарын немесе әлеуметтік желі модульдерін пайдаланамыз ба?» бөліміне cookie файлдарының сипаты және веб-сайттарымыз бен электрондық хаттарымызда cookie файлдары мен веб-шамшырақтарды қалай және қандай мақсатпен қосатынымыз туралы жалпы ақпарат қостық.
Шілде, 2018 жыл
- ЕО Жалпы деректерді қорғау туралы ереженің (GDPR) талаптарына сай ету үшін біз осы Саясаттың құрылымы мен мазмұнын өзгерттік:
- біз Еуропалық Одақтағы Kaspersky Lab өкілі туралы ақпаратты қостық;
- біз веб-сайттарымызда жеке деректерді өңдеудің негізгі мақсаттарын сипаттадық;
- веб-сайттарымыздың әрқайсысы үшін біз өңделетін жеке деректердің санаттарының тізімін, сонымен бірге сәйкес деректерді сақтау кезеңдерін қостық;
- біз жеке деректер өңделетін елдер мен аймақтардың тізімін қамтамасыз еттік;
- біз деректерге қатынасты тапсыру немесе беру туралы ақпаратты көбейттік;
- біз Kaspersky Lab компаниясының жеке деректерді өңдеуге заңды негіздерін сипаттадық;
- біз пайдаланушымыздың құқықтары туралы ақпаратты, сонымен бірге шағым беру мүмкіндігі туралы ақпаратты қостық.
- Біз веб-сайттарымызда пайдаланылатын cookie файлдарының түрлер тізімін кеңейттік.
- Біз веб-сайттарымызда пайдаланылатын cookie файлдарының және әлеуметтік желі виджеттерінің тізімін жаңарттық.
- Біз жеке деректерді өңдеу кезінде ұсталатын принциптерді толықтырдық.
Желтоқсан, 2017 жыл
- Ыңғайлылық үшін біз веб-сайттың әртүрлі құпиялылық саясаттарын және Құпиялылық туралы мәлімдемені бір құжатқа біріктірдік.