Веб-сайттар мен веб-қызметтерге арналған Kaspersky құпиялық саясаты
Соңғы жаңартылған күні: 26.05.2023 ж.
ДЕРЕКТЕРДІ БАҚЫЛАУШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Осы Құпиялық саясаты AO Kaspersky Lab компаниясына (мекенжайы: Ресей Федерациясы, 125212, Мәскеу қ., Ленинград тас жолы, 3-ғимарат, 39А үй) немесе осы Құпиялық саясатына ("Kaspersky", "Компания" немесе "біз") сілтеме жасай отырып тікелей көрсетілген тиісті еншілес ұйым(дар)ға қолданылады. Ол осы Құпиялық саясатын көрсетпейтін немесе оған сілтемесі жоқ, я болмаса жеке Құпиялық саясаты бар Kaspersky веб-сайттарына қолданылмайды. Сондай-ақ осы Құпиялық саясатына сілтеме жасамаса, ол Kaspersky қызметтеріне және өнімдеріне қолданылмайды.
Бұл Құпиялық саясатында біз сізге веб-сайттарымызды немесе веб-қызметтерімізді пайдалану кезіндегі жеке деректеріңізді өңдеу және олардың құпиялығы туралы хабарлаймыз. Қауіпсіздіктегі сарапшы компаниясы ретінде бізге деректердің құпиялығы және деректердің қауіпсіздігі өте маңызды. Сондықтан біз құпиялығыңызды құрметтеуге және қорғауға және жеке деректеріңізді құпия түрде өңдеуге берілгенбіз.
Егер жеке деректеріңіздің өңделуіне және Kaspersky компаниясының құпиялық тәжірибелеріне қатысты қандай да сұрақтарыңыз немесе пікірлеріңіз болса, не болмаса бізге берген деректерді немесе жеке параметрлеріңізді жаңарту керек болса, https://support.kaspersky.com/general/privacy мекенжайы бойынша немесе тікелей Kaspersky Labs GmbH, DPO AO Kaspersky Labs, Despag-Strasse 3, 85055 Ingolstadt, Germany, dpo@kaspersky.com мекенжайлары бойынша пошта немесе электрондық пошта арқылы деректерді қорғау жөніндегі қызметкерімізге хабарласыңыз.
Сондай-ақ Kaspersky компаниясының ЕО өкілімен (GDPR 27-бабына сәйкес) хабарласуға болады: Kaspersky Labs GmbH, Despag-Strasse 3, 85055 Ingolstadt, Германия.
Егер сіз материктік Қытайда орналасқан деректер субъектісі болсаңыз, Kaspersky China деректерді қорғау жөніндегі қызметкерімен байланысуыңызға болады: dpo@kaspersky.com.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Веб-сайттарымыздан сұралған ақпаратыңызды шығарып алу процесі үшін веб-сайттарымыз немесе веб-қызметтеріміз қызметті қамтамасыз ету үшін және/немесе статистикалық немесе қауіпсіздік мақсаттарында белгілі бір деректерді анонимді немесе псевдонимделген формаға айналдырылған түрде сақтайды (анонимді форма дегеніміз деректердің лақап атпен жиналатынын білдіреді, яғни әрбір дерек жазбасын анықтау үшін бірегей кездейсоқ әріптік-цифрлы жол іштен шығарылады). Бұл орайда домен атауы немесе браузер түрі сияқты жалпы ақпарат өңделеді. Бұл деректер бізге тұлғаңызға қатысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл анонимді етілген немесе бүркеншік ат пайдаланылатын деректер статистикалық талдаудан кейін бірден жойылады.
«Жеке деректердің арнайы санаттарын» анықтау және өңдеу туралы жергілікті қолданыстағы заңдарда басқаша талап етілмесе, біз сіз туралы «Жеке деректердің арнайы санаттарын» (бұған нәсіліңіз немесе этникалық тегіңіз, діни немесе философиялық нанымдарыңыз, жыныстық өміріңіз, жыныстық бағдарыңыз, саяси көзқарастарыңыз, кәсіподақ мүшелігі, денсаулығыңыз туралы ақпарат және сізді бірегей анықтау мақсатында генетикалық және биометриялық деректеріңіз туралы мәліметтер кіреді) өңдемейміз.
ЖЕРГІЛІКТІ ТАЛАПТАР
Қолданыстағы жергілікті заңнама талап ететіндей дәрежеде сіздің жеке деректеріңізді белгілі бір сценарийлерде өңдеу Жергілікті заңнаманың қолданыстағы талаптарына, оның ішінде жеке келісімге және деректерді қорғауға, сақтау мерзіміне, құқықтық негізге және басқа да қолданылатын жергілікті талаптарға әсер етуді бағалауға сәйкес келуі тиіс.
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
Біз веб-сайттарымызда және қызметтерімізде автоматтандырылған шешім қабылдауды пайдаланбаймыз.
БІЗ ӨҢДЕЙТІН ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСІМІЗ
Біздің веб-сайттарымызға немесе веб-қызметтерімізге кіру
Қызметтің сипаттамасы
Қызметтің көрсетілуі
Веб-сайтты немесе біздің веб-қызметтерімізді қамтамасыз ету үшін интернет-браузеріңіз бізге автоматты түрде жіберетін жеке деректеріңізді өңдейміз және пайдаланамыз, бұл біздің веб-сайттарымыздың немесе веб-қызметтердің біреуін алу күні мен уақыты, браузер түрі мен браузер параметрлері және сіздің IP мекенжайыңыз.
Жеке деректеріңізді өңдеудің құқықтық негізі – біздің веб-сайттарымызға немесе веб-қызметтерімізге қол жеткізуді қамтамасыз ету және Веб-сайттың немесе веб-қызметтердің техникалық функционалдығын қамтамасыз ету болып табылатын заңды мүдделерімізді қорғау.
Журнал файлдары
Сіз біздің веб-сайттарымызды немесе веб-қызметтерімізді пайдаланған кезде, біз сіздің IP-мекенжайыңызды, желі провайдерін, браузер түрін, кірген домендік атауларды және клиенттік орта туралы басқа ақпаратты (мысалы, сіздің құрылғыңыздың үлгісі, операциялық жүйе, экран ажыратымдылығы және т.б.) өңдей аламыз.
Бұл өңдеудің мақсаты — біздің веб-сайттарымыздың немесе веб-қызметтеріміздің қауіпсіздігі мен қолжетімділігін арттыру.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің құқықтық негізі жоғарыда аталған мақсаттарға негізделген біздің заңды мүдделерімізді қорғау болып табылады.
Веб-талдау
Сондай-ақ біз қай Kaspersky веб-сайттары мен веб-қызметтерін пайдаланатыныңыз және оларды қалай пайдаланатыныңыз, веб-сайтымызға немесе веб-қызметтерімізге кірудің дәл алдында кірген веб-бет, веб-сайтымыздың немесе веб-қызметтеріміздің сіз кірген беттері, сол беттерде немесе қызметтерде жұмсалған уақыт, сіз веб-сайтымызда немесе веб-қызметтерімізде іздеген ақпарат, оларды пайдалану уақыттары мен күндері және басқа статистика туралы ақпаратты өңдеуіміз керек.
Бұл өңдеудің мақсаты – Kaspersky веб-сайттары немесе веб-қызметтері үшін трафик статистикасын жасау.
Деректерді өңдеудің заңды негізі сіздің келісіміңіз болып табылады. Сіз өзіңіздің келісіміңізді болашақта күшіне енген кез келген уақытта веб-сайттардың әр бетінің төменгі жағында орналасқан сілтемені басу арқылы қайтарып ала аласыз.
Cookie файлдары
Cookie файлдары — веб-сайтымызға кіргенде немесе біздің веб-қызметтерімізді пайдаланғанда компьютерде немесе Интернетпен үйлесімді соңғы пайдаланушы құрылғыларында (мысалы, смартфондарда және планшеттерде) сақталуы мүмкін файлдар немесе ақпарат бөліктері. Бұл ақпарат компьютеріңізді немесе соңғы пайдаланушы құрылғысын анықтайтын әріптер мен сандардан тұрады, бірақ онда басқа ақпарат та болуы мүмкін.
Біздің веб-сайттарымызда немесе веб-қызметтерімізде біз cookie файлдарының (құрылғыңызда орналасқан шағын мәтіндік файлдардың) әртүрлі түрлерін пайдаланамыз:
Біз қолданатын cookie файлдарының тізімі, cookie файлдарының мақсаттарының сипаттамасы және тиісті cookie файлдары туралы қосымша ақпарат біздің компаниямыздың нақты веб-сайттарындағы cookie файлдарының орталығында немесе тиісті келісімдерде немесе келісімшарттарда берілген.
Жеке деректеріңіздің сақталу уақыты
Қызмет көрсету үшін өңделетін деректер веб-сервер жеткізе салысымен бірден жойылады.
Журнал файлдары жасалғаннан кейін 1 жылдың ішінде жойылады.
Веб-талдау мақсатында өңдейтін деректер жасалғаннан кейін 1 жылдан кейін жойылады.
Cookie файлдарын жою мерзімі компаниямыздың арнайы веб-сайттарындағы cookie орталығында немесе тиісті келісімдерде немесе келісімшарттарда берілген.
My Kaspersky, Kaspersky Account, Kaspersky Small Office Security Management Console және Anti-Theft Web Management (бұдан әрі қарай «Қызмет» деп аталады)
Қызметтің сипаттамасы
Тіркелгіні тіркеу. Бұл қызметті пайдалану және оның барлық функцияларына қатынасты алу үшін жеке тіркелгіні жасауыңыз керек. Бұл бізге электрондық пошта мекенжайыңызды (ол пайдаланушы атыңыз болады) және құпиясөзіңізді беруіңізді қажет етеді. Қолданыстағы заң рұқсат етпесе немесе сіз өңдеуге немесе басқа мақсаттарда пайдалануға тікелей келісім бермесеңіз, біз бұл деректерді тек сізге қызметті қамтамасыз ету үшін өңдейміз және пайдаланамыз (мысалы, электрондық пошта арқылы Kaspersky өнімдері және қызметтері туралы пайдалы жаңалықтар алу үшін). Сондай-ақ тіркелгіңізді рұқсатсыз қатынастан қосымша қорғау мақсатында мобильді телефон нөміріңізді қамтамасыз етуіңізді қажет етуіміз мүмкін. Мобильді телефон нөміріңіз тек сізге түпнұсқалық растаманың қауіпсіздік кодтарын жіберу үшін пайдаланылады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Тіркелгі параметрлері және сатып алулар. «Тіркелгі параметрлері» функциясын пайдаланып кез келген уақытта тіркелгі деректерін, құпиясөзді және жеке параметрлерді қарап шығуға, жаңартуға немесе түзетуге, я болмаса тіпті тіркелгіні жоюға болады. Бұған қоса, веб -дүкен жеткізушісінен сатып алулар тарихын қарап шыға аласыз. Сондай-ақ «Тіркелгі параметрлері» ішінде қосымша Kaspersky өнімдері мен қызметтерін оңай сатып алулар үшін банк карточкасын байланыстыра аласыз. Бұл опцияны белсендірсеңіз, веб-дүкен жеткізушісі банк карточкасы деректерін тіркелгіңізге тіркейді және болашақ тапсырыстар үшін сақтайды. Kaspersky веб-дүкен жеткізушісі тіркелгіңізге арнайы сілтемені жасайды және сіз берген сайын сіздің атыңыздан тапсырыстар береді. Сондай-ақ веб-дүкен жеткізушісі бізге банк карточкаңыздың мерзімі біту күні туралы ақпаратты және банк карточкаңыздың нөмірінің соңғы 4 таңбасын береді. Дегенмен, бізде веб-дүкен жеткізушісі сақтаған кредиттік карточканың басқа деректеріне қатынас болмайды. Тіркелгіңізбен байланыс тек ішкі пайдаланушы идентификаторы және құпиясөз тіркесімі арқылы техникалық жолмен орнатылады. Бұл тіркелгі деректері бізге банк канточкаңызға немесе веб-дүкен жеткізушісі сақтайтын басқа жеке деректерге қатынас бермейді. Ішкі пайдаланушы идентификаторы сіз веб-дүкен арқылы жасаған тапсырыстарды бастау үшін пайдаланылады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Құрылғылар. Тіркеуден кейін сіз өзіңіз қорғайтын барлық құрылғыларды Kaspersky өнімдерін пайдаланып басқара аласыз. Мысалы, жоғалған немесе ұрланған құрылғыларды қорғауға, әрбір құрылғыда Kaspersky өнімдерінің күйін оңай тексеруге немесе бар мәселелерді шешуге болады. Мұны істеу үшін бұл құрылғыларға «Құрылғылар» функциясын пайдаланып қосылу керек. Бұл жағдайда тіркелгіңіз бен сіз қосылатын құрылғылар арасындағы байланыс міндетті түрде орнатылады. Әрине, қолданыстағы заң рұқсат етпесе немесе сіз оны басқа мақсаттарда пайдалануға тікелей келіспесеңіз, ол тек сізге «Құрылғылар» функциясын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Лицензиялар. Kaspersky өнімінің лицензияларының барлығын «Лицензиялар» функциясын пайдаланып, әрбір өнім үшін жарамды белсендіру кодын қосу және оны пайдаланылатын құрылғыға қосу арқылы басқара аласыз. Сондай-ақ сіз мерзімі бітіп жатқан лицензиялар туралы еске салынуын немесе автоматты түрде жаңарту функциясын пайдалануды таңдай аласыз. Еске салғыштар егер сіз оны нақты сұрасаңыз ғана электрондық поштаңызға жіберіледі.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Қолдау. Қолдау қызметтерін пайдаланып Тұтынушыға қызмет көрсету орталығынан қолдау сұрасаңыз, біз сізге осындай қолдауды қамтамасыз ету үшін қажет ақпаратты сұраймыз, мысалы, тіркеу/лицензия нөмірін, лицензияны сатып алу үшін пайдаланылған банк картаңыздың нөмірінің соңғы 4 таңбасын, электрондық пошта мекенжайын және мәселеңіз қатысты өнім, компьютер жабдығы, бағдарламалық құрал және орын алған мәселенің сипаты туралы ақпаратты сұраймыз. Бұған қоса, бұл мақсатта бізге «Жүктеп салу» функциясы арқылы мәселелер болып жатқан файлдарды жіберу пайдалы немесе тіпті қажет болуы мүмкін. Олар сондай-ақ пайдаланушыға қатысты немесе басқа да жеке анықталатын файл атаулары, метадеректер немесе мазмұндар сияқты жеке деректерді қамтуы мүмкін. Әрине, файлдарды жүктеп салу немесе салмауды әрқашан өзіңіз таңдайсыз. Жүктеп салсаңыз, алдымен жүктеп салу қызметімен байланысты «Деректерді қамтамасыз ету туралы ереже» бөлімін қарап шығыңыз және оны қабылдаңыз.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Жеке деректеріңіз қанша уақыт бойы сақталады
Деректер тіркелгі жойылғаннан кейін 1 (бір) күнтізбелік айдан кешіктірілмей жойылады.
Kaspersky Business Hub
Қызметтің сипаттамасы
Тіркелгіні тіркеу. Kaspersky Business Hub қызметін пайдаланып, Kaspersky Business Hub қызметінде бар өнімдерге қол жеткізгіңіз келсе, жеке тіркелгі жасауыңыз қажет. Оны істеу үшін электрондық поштаңыздың мекенжайын (пайдаланушы атыңыз ретінде пайдаланылады) және құпиясөзді енгізуіңіз қажет. Біз бұл деректерді тек сізге Kaspersky Business Hub функцияларын және Kaspersky Business Hub қызметінде пайдаланылатын өнімдерді ұсыну үшін өңдейміз және пайдаланамыз. Бұл деректер тек сіз нақты келісім берген жағдайда (мысалы, электрондық пошта арқылы Kaspersky өнімдері мен қызметтері туралы соңғы жаңалықтар алу немесе Kaspersky өнімдеріне жасаған шолуларыңыз туралы сізге хабарласу үшін) өңделеді және пайдаланылады. Сондай-ақ тіркелгіңізді рұқсатсыз кіруден қосымша қорғау үшін ұялы телефон нөміріңізді, ал құпиясөзіңізді ұмытқан жағдайда тіркелгіңізге қайта кіру үшін қауіпсіздік сұрағын көрсетуіңізге болады. Біз ұялы телефоныңыздың нөмірін авторизация барысында қауіпсіздік кодтарын жіберу үшін ғана пайдаланамыз.
Тіркелгіңіз туралы ақпаратты «Тіркелгіні басқару» функциясының көмегімен кез келген уақытта көруіңізге, жаңартуыңызға және өзгертуіңізге немесе тіркелгіңізді жоюыңызға болады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен заңды негізі сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Лицензиялар. Kaspersky Business Hub қызметінде сіз пайдалана алатын Kaspersky өнімдеріне арналған лицензияларды «Лицензиялар» функциясының көмегімен басқаруыңызға болады. Мұны істеу үшін өзіңіз пайдаланатын әр өнім үшін жарамды іске қосу кодтарын қосуыңыз керек. Біз сізге электрондық пошта арқылы лицензия мерзімінің бітуі туралы автоматты еске салғыш жібере аламыз.
Белгілі бір лицензияларды басқару және өнімдеріміздің нақты даналарын пайдалану мүмкіндігі өнімдерде реттелген қол жеткізу құқықтарыңызға байланысты.
Сіз тіркелгіңізді тіркеген кезде көрсеткен елді біз онлайн лицензия сатып алу мүмкіндігін ұсыну үшін пайдаланамыз. Лицензияларды онлайн сатуды онлайн-дүкен провайдері жүзеге асырады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Қолдау. Біздің қолдау қызметтеріміз арқылы Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, біз сізге қолдау көрсетуге қажет ақпаратты (мысалы, лицензияңыздың нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, мәселені тудырған өнім туралы ақпарат, компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары туралы ақпарат және мәселенің сипаттамасы) сұраймыз. Сондай-ақ бұл файлдарда пайдаланушы немесе анықталатын файл аттары, метадеректер немесе файлдың мазмұны сияқты жеке деректер болуы мүмкін. Бұл файлдарды өз қалауыңыз бойынша жіберуіңізге болады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Жеке деректеріңіз қанша уақыт бойы сақталады
Жеке тіркелгіңіз туралы ақпарат тіркелгі жойылғаннан кейін 1 (бір) күнтізбелік айдан кешіктірілмей жойылады. Деректердің сақтық көшірмелері олар жасалған сәттен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзім бойы сақталады.
Kaspersky Endpoint Security Cloud
Қызметтің сипаттамасы
Тіркелгіні тіркеу. Егер Kaspersky Endpoint Security Cloud қызметін пайдаланып, оның барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізгіңіз келсе, Kaspersky Business Hub қызметінде жеке тіркелгі жасауыңыз қажет. Біз Kaspersky Business Hub қызметінде тіркелу барысында сіз берген электрондық пошта мекенжайын сізге Kaspersky Endpoint Security Cloud функцияларын ұсыну үшін өңдеп, пайдаланамыз. Қолданыстағы заң рұқсат етсе немесе сіз нақты келісім берсеңіз, бұл жеке деректерді өңдеуге және басқа мақсаттарда пайдалануға болады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Лицензиялар. Kaspersky Endpoint Security Cloud қызметіне арналған лицензияларды «Лицензиялар» функциясының көмегімен басқаруыңызға болады. Мұны істеу үшін лицензиялар үшін жарамды іске қосу кодтарын қосуыңыз керек. Сіздің сұрауыңыз бойынша біз сізге электрондық пошта арқылы лицензия мерзімінің бітуі туралы автоматты еске салғыш жібере аламыз.
Нақты бір лицензияларды басқару мүмкіндігі сіздің қол жеткізу құқықтарыңызға және Kaspersky Business Hub қызметінің басқа пайдаланушыларының қол жеткізу құқықтарына байланысты. Бұл қол жеткізу құқықтарын Kaspersky Endpoint Security Cloud қызметінің нақты бір жұмыс кеңістіктерінде реттеуге болады. Қосымша ақпаратты онлайн құжаттамадан қараңыз.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен заңды негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Құрылғылар. Kaspersky Endpoint Security Cloud жұмыс кеңістігін жасағаннан кейін, жұмыс кеңістігіңізге жалғанған және Kaspersky өнімдерімен қорғалған құрылғыларды басқаруыңызға болады. Құрылғыларды Kaspersky Endpoint Security Cloud арқылы басқаруды бастау алдында Kaspersky Endpoint Security Cloud қызметтерін пайдалануға қатысты тиісті заңнаманың талаптарын орындау үшін барлық қажетті шараларды қолдануыңыз керек. Сондай-ақ Kaspersky Endpoint Security Cloud параметрлерін пайдалану тәсіліңізге сәйкес өзгертуіңіз керек. Қосымша ақпаратты онлайн құжаттамадан қараңыз. Тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында Kaspersky Endpoint Security Cloud қызметінде басқарылатын құрылғылар Kaspersky Endpoint Security Cloud инфрақұрылымында орналасқан басқару серверлеріне деректер жібереді. Басқарылатын құрылғылардан жиналатын деректердің тізімі онлайн құжаттамадағы «Деректерді беру туралы» мақаласында берілген.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Қолдау. Біздің қолдау қызметтеріміз арқылы Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, біз сізге қолдау көрсетуге қажет ақпаратты (мысалы, лицензияңыздың нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, мәселені тудырған өнім туралы ақпарат, компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары туралы ақпарат және мәселенің сипаттамасы) сұраймыз. Сондай-ақ бұл файлдарда пайдаланушы немесе анықталатын файл аттары, метадеректер немесе мазмұн сияқты жеке деректер болуы мүмкін. Бұл файлдарды өз қалауыңыз бойынша жіберуіңізге болады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Жеке деректеріңіз қанша уақыт бойы сақталады
Жұмыс кеңістіктеріңіз туралы деректер Kaspersky Business Hub қызметіндегі «Жұмыс кеңістіктерін басқару» функциясының көмегімен жойылады немесе Kaspersky Endpoint Security Cloud қызметіне арналған лицензияңыздың мерзімі біткеннен кейін автоматты түрде жойылады. Жұмыс кеңістіктері туралы деректерді сақтау мерзіміне қатысты толық ақпаратты онлайн құжаттамадағы «Деректерді беру туралы» мақаласынан табуға болады.
Kaspersky Security Center Cloud Console
Қызметтің сипаттамасы
Тіркелгіні тіркеу. Егер Kaspersky Security Center Cloud Console қызметін пайдаланып, оның барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізгіңіз келсе, Kaspersky Security Center Cloud Console қызметінде жеке тіркелгі жасауыңыз қажет. Мұны істеу үшін электрондық поштаңыздың мекенжайы мен құпиясөзін енгізіңіз. Біз бұл деректерді сізге Kaspersky Security Center Cloud Console функцияларын ұсыну үшін ғана өңдейміз және пайдаланамыз. Қолданыстағы заң рұқсат етсе немесе сіз нақты келісім берсеңіз, бұл деректерді өңдеуге және басқа мақсаттарда пайдалануға болады. Сондай-ақ тіркелгіңізді рұқсатсыз кіруден қосымша қорғау үшін ұялы телефон нөміріңізді, ал құпиясөзіңізді ұмытқан жағдайда тіркелгіңізге қайта кіру үшін қауіпсіздік сұрағын көрсетуіңізге болады. Біз ұялы телефоныңыздың нөмірін авторизация барысында қауіпсіздік кодтарын жіберу үшін ғана пайдаланамыз.
Тіркелгіңіз туралы ақпаратты «Тіркелгіні басқару» функциясының көмегімен кез келген уақытта көруіңізге, жаңартуыңызға және өзгертуіңізге немесе тіркелгіңізді жоюыңызға болады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Лицензиялар. Kaspersky Security Center Cloud Console қызметінде сіз пайдалана алатын Kaspersky өнімдеріне арналған лицензияларды «Лицензиялар» функциясының көмегімен басқаруыңызға болады. Мұны істеу үшін өзіңіз пайдаланатын әр өнім үшін жарамды іске қосу кодтарын қосуыңыз керек. Kaspersky өнімдерінде іске қосылған лицензиялар үшін мерзімінің өтуі туралы автоматты еске салғышты қосуыңызға болады. Еске салғыштар тек сіз нақты келісім берген жағдайда электрондық поштаңызға жіберіледі. Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Құрылғылар. Kaspersky Security Center Cloud Console жұмыс кеңістігін жасағаннан кейін, жұмыс кеңістігіңізге жалғанған және Kaspersky өнімдерімен қорғалған құрылғыларды басқаруыңызға болады. Құрылғыларды Kaspersky Security Center Cloud Console арқылы басқаруды бастау алдында Kaspersky Security Center Cloud Console қызметтерін пайдалануға қатысты тиісті заңнаманың талаптарын орындау үшін барлық қажетті шараларды қолдануыңыз керек. Сондай-ақ Kaspersky Security Center Cloud Console параметрлерін пайдалану тәсіліңізге сәйкес өзгертуіңіз керек. Қосымша ақпаратты онлайн құжаттамадан қараңыз. Тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында Kaspersky Security Center Cloud Console қызметінде басқарылатын құрылғылар Kaspersky Security Center Cloud Console инфрақұрылымында орналасқан басқару серверлеріне деректер жібереді. Басқарылатын құрылғылардан жиналатын деректердің тізімі онлайн құжаттамадағы «Деректерді беру туралы» мақаласында берілген.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Қолдау. Біздің қолдау қызметтеріміз арқылы Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, біз сізге қолдау көрсетуге қажет ақпаратты (мысалы, лицензияңыздың нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, мәселені тудырған өнім туралы ақпарат, компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары туралы ақпарат және мәселенің сипаттамасы) сұраймыз. Сондай-ақ бұл файлдарда пайдаланушы немесе анықталатын файл аттары, метадеректер немесе файлдың мазмұны сияқты жеке деректер болуы мүмкін. Бұл файлдарды өз қалауыңыз бойынша жіберуіңізге болады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен заңды негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Жеке деректеріңіз қанша уақыт бойы сақталады
Жеке тіркелгіңіз туралы ақпарат тіркелгі жойылғаннан кейін 1 (бір) күнтізбелік айдан кешіктірілмей жойылады. Деректердің сақтық көшірмелері олар жасалған сәттен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзім бойы сақталады. Жұмыс кеңістіктеріңіз туралы деректер Kaspersky Security Center Cloud қызметіне арналған лицензияңыздың мерзімі біткеннен кейін немесе Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы арқылы сіз оның жойылуын сұрағаннан кейін автоматты түрде жойылады. Лицензияңыздың мерзімі біткеннен кейін, сізге Өнімді әрі қарай пайдалана беруге құқық берілуі мүмкін, алайда Өнімнің функциялары шектеулі болуы мүмкін. Жұмыс кеңістігі туралы деректерді сақтау мерзіміне қатысты толық ақпаратты онлайн құжаттамадағы «Деректерді беру туралы» мақаласынан табуға болады.
Kaspersky Security for Microsoft Office 365
Қызметтің сипаттамасы
Тіркелгіні тіркеу. Kaspersky Security for Microsoft Office 365 қызметін пайдалану және оның барлық функцияларына қатынасты алу үшін жеке тіркелгіні жасауыңыз керек. Бұл бізге электрондық пошта мекенжайыңызды, компания атын және құпиясөзіңізді беруіңізді қажет етеді. Сіз Kaspersky Endpoint Security Cloud тіркелгісін пайдалана аласыз. Біз бұл деректерді тек Kaspersky Security for Microsoft Office 365 қызметін ұсыну үшін өңдейміз және пайдаланамыз, егер бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсат етілсе немесе сіз өңдеуге немесе басқа мақсаттарда пайдалануға тікелей келісім берсеңіз (мысалы, электрондық пошта арқылы Kaspersky өнімдері мен қызметтері туралы пайдалы жаңалықтар алу үшін). Тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы Kaspersky Security for Microsoft Office 365 қызметін қамтамасыз етуге қатысты хабарландырулар, соның ішінде сізге қызмет қолжетімсіз кезде, сынақ кезеңі біткенде немесе жаңартулар шығарылғанда хабарлау үшін пайдаланылады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Тіркелгі параметрлері. «Тіркелгі параметрлері» функциясын пайдаланып тіркелгі деректерін, құпиясөзді және жеке параметрлерді кез келген уақытта қарап шығуға, жаңартуға немесе түзетуге немесе тіпті тіркелгіні жоюға болады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Қызметті конфигурациялау. Kaspersky Security for Microsoft Office 365 қызметі тікелей Office 365 жүйесімен біріктіруді қажет етеді. Бұл үшін Exchange Online немесе OneDrive жүйесіне кіру керек. Exchange Online немесе OneDrive жүйесімен байланысты конфигурациялау үшін Microsoft Online веб-сайтына бағытталасыз және сізге OAuth 2.0 арқылы Kaspersky Security for Office 365 қолданбасына рұқсат беруіңіз керектігі туралы нұсқау беріледі. Сондай-ақ Kaspersky Security for Microsoft Office 365 қызметінде Exchange Online карантиніне кіру үшін Қызмет көрсету тіркелгісі қажет. Бұл Қызмет көрсету тіркелгісін автоматты түрде немесе қолмен конфигурациялауға болады. Автоматты конфигурациялауды таңдасаңыз, қызмет жаһандық әкімшінің тіркелгі деректерін сұрайды. Қызмет бұл деректерді ешбір түрде сақтамайды, оларды тек Қызмет көрсету тіркелгісін бастапқы конфигурациялау және жасау үшін пайдаланады. Қолмен конфигурациялауды таңдасаңыз, жаһандық әкімшінің тіркелгі деректері қажет емес және әкімші Қызмет көрсету тіркелгісін қолмен жасайды.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Қызметті пайдалану. Жұмыс кезінде Kaspersky Security for Microsoft Office 365 қызметі қарап шығу керек хабарларды және басқа нысандарды (жиналыстар, тапсырмалар, т.б.), сонымен бірге OneDrive файлдарын алады және олар қорғау параметрлеріне сай өңделеді. Kaspersky Security for Microsoft Office 365 қарап шығу керек хабарларды, OneDrive файлдарын немесе нысандарды өзінің инфрақұрылымында сақтамайды. Kaspersky Security for Microsoft Office 365 қызметі қатынаса алатын деректердің, сонымен бірге қызметтің жұмысы кезінде жиналатын деректердің тізімі «Деректерді беру туралы» деген құжаттама бөлімінде берілген.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Қолдау. Тұтынушыларға қызмет көрсету қызметтерін пайдаланып Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығынан қолдау сұрасаңыз, біз сізге көмектесу үшін қажет ақпаратты сұраймыз, мысалы, тіркеу/лицензия нөмірін, лицензияны сатып алу үшін пайдаланылған банк картаңыздың нөмірінің соңғы 4 таңбасын, электрондық пошта мекенжайын, мәселеңізге қатысты өнім және қызмет деректерін, компьютер жабдығы және бағдарламалық құрал және орын алған мәселенің сипаты туралы ақпаратты сұраймыз. Бұған қоса, бұл мақсатта компания тіркелгісінің «жүктеп салу» функциясы арқылы мәселелер болып жатқан файлдарды бізге жіберу пайдалы немесе тіпті қажет болуы мүмкін. Олар сондай-ақ пайдаланушыға қатысты немесе басқа да жеке анықталатын файл атаулары, метадеректер немесе мазмұндар сияқты жеке деректерді қамтуы мүмкін. Әрине, файлдарды жүктеп салу немесе салмауды әрқашан өзіңіз таңдайсыз.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Жеке деректеріңіз қанша уақыт бойы сақталады
Деректер лицензия мерзімі біту күнінен 6 айдан кейін жойылады.
Kaspersky CompanyAccount
Қызметтің сипаттамасы
Тіркелгіні тіркеу. Kaspersky CompanyAccount пайдалану және оның барлық мүмкіндіктеріне қатынасу үшін мынаны жасау керек:
- жеке тіркелгі;
- әріптестеріңіз бұрын жасамаған болса, компанияңыздың тіркелгісі.
Бұл Kaspersky қолданбаларын пайдалану үшін корпоративтік электрондық пошта мекенжайын (ол пайдаланушы атыңыз болады), құпиясөзді, атты және текті, компания атауын және елді әрі компания лицензиясын көрсетуді қажет етеді. Басқа мақсаттарда өңделуін және пайдаланылуын ашық түрде таңдамасаңыз, біз бұл деректерді тек сізге Kaspersky CompanyAccount қызметтерін және тұтынушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін өңдейміз және пайдаланамыз. Тіркегеннен кейін жеке тіркелгіңіз компания тіркелгісімен байланыстырылады. Kaspersky CompanyAccount бұрын жасалған болса, тіркелу туралы ақпаратыңыз (атыңыз бен тегіңіз әрі корпоративтік электрондық пошта мекенжайыңыз) компанияңыздағы компания тіркелгісінің әкімшісіне жіберіледі. Компанияның және жеке тіркелгіні бірінші тіркеген компания қызметкері әдетте әкімші ретінде тағайындалады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Тіркелгі параметрлері. «Тіркелгім» қойыншасында тіркелгі ақпаратын және құпиясөзін кез келген уақытта көруге, жаңартуға, түзетуге немесе тіркелгіні жоюға болады.
Kaspersky CompanyAccount әкімшісі тіркелгі параметрлерін өзгертіп, құпиясөзді қалпына келтіре алады. Kaspersky CompanyAccount әкімшісі болсаңыз, сізде барлық әріптестеріңіздің жеке тіркелгілерін өңдеу және компанияның бүкіл тіркелгісін бұғаттау мүмкіндігі болады (қызметкерлердің жеке тіркелгілері жүйеде қалады).
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Лицензиялар. Kaspersky CompanyAccount «Лицензиялар» қойындысында Kaspersky өнімдеріне лицензияларды (әрбір өнім үшін белсендіру кодтарын немесе кілт файлдарын) қосуға және оларды көруге болады. Тіркелу кезінде қамтамасыз етілген лицензия Kaspersky CompanyAccount ішіне автоматты түрде қосылады. Кілт файлдары Kaspersky CompanyAccount ішіне физикалық түрде сақталмайды. Жүйе тек компания лицензияңыз туралы жазбаны сақтайды. Kaspersky CompanyAccount байланыстырылған жеке тіркелгісі бар әрбір компания қызметкерінде лицензиялар тізіміне кіру рұқсаты болады. Kaspersky CompanyAccount әкімшісі тізімнен жою арқылы компания лицензияларын жоя алады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Келісімшарттар. Компанияңыз қосымша Тұтынушыларға қызмет көрсету қызметтерін сатып алса, сатып алу жазылғаннан кейін сіз сатып алынған қызметтердің тізімін «Agreements» (Келісімдер) қойындысында көре аласыз. Келісімшартардың тізімі сатып алу уақытында ақылы қызметті пайдалану үшін рұқсат етілген ретінде тағайындалған компания қызметкерлеріне қолжетімді болады. Бұл адамдар келісімшарттың мерзімі бітуі туралы хабарландыруларды автоматты түрде алады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Тұтынушыларға қызмет көрсету сұраулары. Kaspersky CompanyAccount арқылы Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарлассаңыз, біз сізге көмек көрсету үшін қажетті ақпаратты жіберуіңізді сұрауымыз мүмкін. Мысалы, бұл сұрауыңызбен, компьютер жабдығымен, компания желісімен, бағдарламалық құралмен және сіз кездескен мәселенің сипатымен байланысты ақпаратты қамтуы мүмкін. Бұған қоса, мәселе болып жатқан файлдарды, я болмаса, компьютердің немесе желінің конфигурациясын анықтайтын файлдарды бізге жіберу пайдалы немесе тіпті қажет болуы мүмкін. Мұны сұрау пішініндегі «Файлдарды тіркеу» опциясын пайдаланып істеуге болады. Бұл файлдар пайдаланушының немесе басқалай тұлғаны анықтауға болатын файл атауларын, метадеректерді немесе мазмұнды қамтуы мүмкін. Бұл файлдарды жүктеп салу-салмауды өзіңіз таңдайсыз. Файлдарды жүктеп салғыңыз келсе, алдымен файлдарды жүктеп салу бетінде Деректерді қамтамасыз ету туралы ережені көріңіз және қабылдаңыз. Сұрауыңыз үшін дұрыс Тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімін таңдау үшін біз компания лицензиялары, ел және Kaspersky CompanyAccount ішінде таңдалған ықтимал интерфейс тілі туралы ақпаратты пайдаланамыз. Kaspersky CompanyAccount әкімшісі сәйкес параметрлерді қолмен өзгертсе, әріптестеріңіз сұрауларыңызға қол жеткізе алуы мүмкін (әкімші сұрауларды автоматты түрде көре алады).
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Жеке деректеріңіз қанша уақыт бойы сақталады
Тіркелгіңізді кез келген уақытта Тіркелгі параметрлерінен немесе Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымызға сұрау жіберіп өшіруге болады. Тіркелгіңіз өшірілген соң, жеке деректеріңіз Kaspersky дерекқорында сақтау мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, бірақ сіз жойылған тіркелгімен Kaspersky CompanyAccount веб-сайтына кіре алмайсыз.
Kaspersky Partner Portal
Қызметтің сипаттамасы
Сіз тапсырыс бергенде, өнімді тіркегенде, қызметті сұрағанда, сауалнамаға жауап бергенде, жарысқа кіргенде және бізге хабарласқаныңызда немесе веб-сайтымызда басқа әрекеттерді орындағанда біз сіздің жеке деректеріңізді сұрауымыз мүмкін.
Сіз жеке деректерді сұрайтын кез келген әрекетті жалғастыру немесе жалғастырмауға қатысты барлық шешімдерді қабылдайсыз. Дегенмен, сұралған деректерді беруді қаламасаңыз, транзакцияны орындай алмауыңыз мүмкін екенін ескеріңіз.
Біз жеке деректерді келесі мақсаттарда пайдаланамыз:
- сізге вирустар туралы ескертулер туралы ақпаратты, өнімді жаңартулар, жаңа өнімдер, қызметтер, жаршыларды, ақпараттық электрондық хабарларды және болашақ өнім идеялары немесе жақсартуларға қатысты зерттеуді қамтамасыз ету үшін;
- сізге өзіңізге қатысты мазмұн жасауға көмек алу үшін;
- сізге қызық болуы мүмкін арнайы Kaspersky компаниясына қатысты ұсыныстарды қамтамасыз ету үшін;
- бізге қажеттіліктеріңізге сай жақсырақ өнімдер мен қызметтерді жасауға көмектесу үшін;
- сізге өзіңізге маңызды бағдарламалық құралды, қызметтерді немесе өнім туралы ақпаратты тез табуға көмектесу үшін.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің заңды негізі жоғарыда аталған мақсаттарға жетуге бағытталған біздің заңды мүдделерімізді қорғау болып табылады.
- Сонымен қатар біз сіздің жеке деректеріңізді өнімдерді сатып алуға және жүктеп алуға, қызметтерге қол жеткізуге немесе сіз таңдаған әрекеттермен басқаша әрекет етуге мүмкіндік беру мақсатында өңдейміз.
Мұндай жағдайларда сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің құқықтық негізі сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Жеке деректеріңіз қанша уақыт бойы сақталады
Жеке деректер сіз қызметті пайдаланған бүкіл уақытта сақталады және бірінші сұрауыңыздан кейін жойылады.
GSI Parser
Қызметтің сипаттамасы
Бұл қызмет Kaspersky өнімдері мен басқа бағдарламалық жасақтама арасындағы компьютерлік үйлесімділік мәселелерін тексеруге және түзетуге мүмкіндік береді. Сондықтан сіз веб-сайтқа жүктеп салу арқылы бізге есеп файлын талдау үшін көрсете аласыз. Деректер Kaspersky компаниясына қорғалған байланыстар арқылы тасымалданады. Ұсынылған деректер заңмен белгіленген талаптарға және «Веб-сайттар мен веб-қызметтерге арналған Kaspersky құпиялық саясатында» белгіленген талаптарға сәйкес қорғалады.
Қызметті пайдалану үшін тіркелгі жасау керек. Тіркелгіңіді жасау үшін электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз және құпиясөзді орнатыңыз.
«Тіркелгіні басқару» бөлімінде электрондық пошта мекенжайын немесе құпиясөзді өзгертуге, я болмаса тіркелгіні біржола жоюға болады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Жеке деректеріңіз қанша уақыт бойы сақталады
Жүктеп салынған нысан Kaspersky жүйелерінде 90 күннен ұзағырақ сақталмайды. Бұл кезеңнен кейін ол жойылады және оны қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Басқа веб-сайттар мен пішіндер
Қызметтің сипаттамасы
Премиум мазмұн. Есептер, бейнелер сияқты әртүрлі мазмұн элементтеріне қатынасу, оқиғаларға тіркелу немесе арнайы маркетингтік материалға қол жеткізу үшін сізге осы премиум мазмұнды қамтамасыз ету үшін міндетті жеке деректер ретінде атыңызды, тегіңізді, электрондық поштаңызды және телефон нөміріңізді сұраймыз.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі – сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау.
Тегін сынақтар. Өнімдерімізді сынағыңыз келсе, сонымен бірге атыңызды, тегімізді, телефон нөміріңізді және электрондық пошта мекенжайыңызды сұраймыз. Бұл деректер белсендіру кодын жіберу және сізге сынақ кезеңінің соңы туралы еске салу үшін пайдаланылады. Сынақ кезеңінің аяқталуынан 14 күнге дейін сіз түпкілікті еске салғышты және толық лицензияны сатып алу ұсынысын аласыз.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің мақсаты мен құқықтық негізі сіз тарап болып табылатын шартты орындау немесе келісімшарт жасасқанға дейін сіздің сұрауыңыз бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Жаршылар, тегін өнім жаңартулары және арнайы ұсыныстар. Оған тіркелсеңіз және бізге электрондық пошта мекенжайын әрі атыңызды және тегіңізді қамтамасыз етсеңіз, біз бұл деректерді сізге өнімдер мен қызметтер, тегін өнім жаңартулары және сізді қызықтыруы мүмкін арнайы ұсыныстар туралы қосымша ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында пайдаланамыз.
Жеке деректеріңізді өңдеудің заңды негізі сіздің келісіміңіз болып табылады. Әр электрондық хатта кездесетін жазылымнан бас тарту сілтемесін басу немесе электрондық пошта арқылы бізге хабарласу арқылы келісіміңізден кез келген уақытта бас тарта аласыз.
Байланыс пішіндері. Бізге байланыс және қолдау пішіндерін пайдалана отырып хабарласқыңыз келсе («*» деп белгіленген енгізу өрістері), сізден байланыс ақпаратыңызды беру сұралады. Бұл ақпарат тек сізге хабарласу және сізге керек ақпаратты беру мақсатында өңделеді немесе пайдаланылады. Сіз қосымша ақпаратты («*» деп белгіленбеген өрістер) қамтамасыз ете аласыз. Бұл қосымша ақпарат, әрине, барлық тиісті деректерді қорғау талаптарына сай өңделеді. Бұл деректер орныңызға жауапты Kaspersky аймақтық командаларына қайта бағытталады. Kaspersky аймақтық командалары бұл деректерді сізге хабарласу үшін пайдаланылады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің заңды негізі жоғарыда аталған мақсаттарға жетуге бағытталған біздің заңды мүдделерімізді қорғау болып табылады.
Тұтынушыларға қызмет көрсету пайдаланушыларына арналған жыл сайынғы тұтынушының қанағаттануы туралы сауалнамалар. Kaspersky компаниясы қызметтің сапасын жақсарту үшін Тұтынушыларға қызмет көрсету пайдаланушыларына әр жағдайға қатысты сауалнама және жыл сайынғы сауалнаманы өткізеді. Жыл сайынғы тұтынушының қанағаттануы туралы сауалнамаларды өткізу үшін біз келесі деректерді аламыз:
Электрондық пошта мекенжайыңыз, ол бізге сізді дерекқорымызда сізді пайдаланушы ретінде анықтауға және сауалнама ішіндегі пікіріңізді контактілермен және Тұтынушыларға қызмет көрсету командасына жіберілген сұраулардың тарихымен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Сіз Тұтынушыларға қызмет көрсету командасына берген баға және қызметтердің сапасын жақсарту үшін пайдаланылатын ұсыныстар Kaspersky тұтынушыларға қызмет көрсету командасы қамтамасыз ететін қызметтерді жақсарту үшін пайдаланылады.
Сіздің жеке деректеріңізді өңдеудің заңды негізі қызметтерімізді жақсартуға негізделген біздің заңды мүдделерімізді қорғау болып табылады.
Жеке деректеріңіз қанша уақыт бойы сақталады
Жеке деректеріңіз біз көздейтін мақсаттар үшін қажет болмаса, келісімде көрсетілген сақтау мерзімі өтіп кетсе немесе келісімді қайтарып алсаңыз және басқа заңды негіз болмаса, біз сіздің жеке деректеріңізді жоямыз. Соңғысы қолданылса, басқа заңды негіз қолданылмаған соң деректерді жоямыз.
Браузер параметрлерін веб-сайт cookie файлын орнатқысы келгенде cookie файлдарын бұғатталатындай немесе жүйе сізге хабарлайтындай конфигурациялай аласыз. Дегенмен, cookie файлдарын бұғаттау веб-сайт функцияларын енді пайдалана алмайтындай әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ АЛУШЫЛАР
Біздің веб-сайттарымыз бен веб-қызметтеріміз негізінен жеке деректерді өңдеуді өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті минимумға дейін шектейтіндей етіп жасалған. Kaspersky ішінде сіздің жеке деректеріңізге осындай қолжетімділік өз функцияларын немесе міндеттерін орындау үшін өте қажет адамдар ғана қол жеткізе алады.
Біз сіздің жеке деректеріңізді сыртқы алушылармен тек заңды негіздеме болған жағдайда немесе сіз оған келісім берген жағдайда ғана бөлісеміз. Сыртқы алушылар мыналар болуы мүмкін:
- Өңдеушілер: біз белгілі бір қызметтерді көрсету үшін пайдаланатын қызмет провайдерлері, мысалы: сатушылар. Мұндай сыртқы қызмет жеткізушілерінде жеке деректерге қатынас керек болса, біз мұндай кез келген қатынастың тиісті қызметті қамтамасыз ету үшін қажет дәрежеде шектелуін қамтамасыз етеміз. Бұған қоса, әрине, мұндай сыртқы қызмет жеткізушілері барлық тиісті деректерді қорғау туралы ережелерді сақтауы керек.
- Мемлекеттік органдар: жекелеген жағдайларда жеке басқа қатысты деректерді жіберуіміз қажет болуы мүмкін прокуратуралар, соттар немесе салық органдары сияқты органдар мен мемлекеттік мекемелер.
- Жеке органдар: сіздің жеке деректеріңізді заңды ереже немесе сіздің келісіміңіз негізінде беретін жеке органдар.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕЙТІН ЖЕР/ҮШІНШІ ЕЛГЕ ЖІБЕРУ
Пайдаланушылар Kaspersky компаниясына берген жеке деректер Еуропалық Одақтан (ЕО) немесе Еуропалық экономикалық аймақтан (ЕЭА) тыс елдерде өңделуі мүмкін және келесілерді қамтуы мүмкін: Ұлыбритания, Швейцария, Канада, Сингапур, Ресей, Жапония, АҚШ, Мексика, Қытай, Әзірбайжан.
Kaspersky компаниясы жеке деректеріңізді қауіпсіздік және құпиялыққа қатысты ең жақсы тәжірибелерге сай қорғау үшін тиісті қауіпсіздік шараларын қолданды. Соның ішінде, компаниялар тобының арасында жеке деректерді тасымалдау үшін Еуропалық Комиссияның стандартты келісімшарт шарттарын пайдаланды. Бұл компаниялар тобындағы барлық топтардың Еуропалық Экономикалық Аумақтан өңделіп жатқан жеке деректерді Еуропалық Одақтың деректерді қорғау туралы заңы бойынша қажетті баламалы стандартқа сай қорғауын қажет етеді. Біз сіздің жеке деректеріңізді Еуропалық экономикалық аймақ пен Швейцариядан тыс үшінші тарап қызмет провайдеріне бергенде, жібергенге дейін қамтамасыз етеміз, бұл заңмен рұқсат етілген ерекше жағдайларды қоспағанда, алушы деректерді қорғаудың тиісті деңгейіне ие немесе кепілдіктер бар. Тиісті қауіпсіздік шараларының көшірмесін осы жерді басып бізге хабарласу арқылы алуға болады.
Жалпы іс жүргізу практикамызға сәйкес ЕО-дағы пайдаланушылардан алынған деректер ЕО мен Ресейде орналасқан серверлерде өңделеді.
Қолданыстағы жергілікті заң талап ететін дәрежеде біз жергілікті қолданыстағы заңнаманың қолданыстағы талаптарына сәйкес халықаралық деректерді тасымалдау механизмін таңдап, шарттарды орындаймыз және тиісті процедураларды орындаймыз немесе халықаралық деректерді тасымалдау үшін қажетті қорғаныс шараларын қабылдаймыз.
ДЕРЕКТЕР СУБЪЕКТІСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛЫ
Сондай-ақ сізде біз өңдейтін жеке деректеріңізге қатысты белгілі бір құқықтар бар екенін хабарлаймыз:
- Хабардар болу құқығы. Сізде жеке деректеріңізді пайдалану жолымыз және құқықтарыңыз туралы анық, транспарентті және түсіну оңай ақпаратты алу құқығыңыз бар.
- Қатынасу құқығы. Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдейтініміз немесе өңдемейтініміз туралы растауды сұрауға құқығыңыз бар; егер солай болса, сізде мұндай өңдеуге қатынасуға құқығыңыз бар
- Түзету құқығы. Сіз туралы өңдейтін дәл емес жеке деректерді түзетуді сұрауға құқығыңыз бар. Сонымен қатар толық емес деректердің толықтырылуын талап ете аласыз.
- Өшіру құқығы (ұмыту құқығы). Белгілі бір жағдайларда жеке деректеріңіздің жойылуын бізден сұрауға құқығыңыз бар.
- Өңдеуді шектеу құқығы. Белгілі бір жағдайларда сіз бізден жеке деректеріңізді өңдеуге шектеу қоюға құқығыңыз бар, мысалы, егер сіз жеке деректердің дұрыстығына келіспесеңіз немесе өңдеу заңсыз болса және сіз жеке деректерді жоюға қарсылық білдірсеңіз және оның орнына оны пайдалануды шектеуді сұрасаңыз.
- Деректерді тасымалдау мүмкіндігіне құқық. Келісімшарт немесе келісім негізінде деректерді бізге қолжетімді етсеңіз, жеке деректеріңізді беруді сұрауға құқығыңыз бар. Біз сізге немесе сіз таңдаған үшінші тарапқа жеке деректеріңізді құрылымдалған, жиі пайдаланылатын, компьютер түсінетін пішімде қамтамасыз етеміз.
Қарсылық білдіру құқығы Жекелеген жағдайда қарсылық білдіру құқығы Сіздің жеке деректеріңізді біздің заңды мүдделеріміз негізінде өңдеуге сіздің нақты жағдайыңызға қатысты негіздер бойынша кез келген уақытта қарсылық білдіруге құқығыңыз бар (GDPR 6 (1)-бап); оның ішінде осы ережелерге негізделген профильдеу. Егер біз сіздің мүдделеріңізді, құқықтарыңыз бен бостандықтарыңызды жоққа шығаратын өңдеудің бұлтартпас заңды негіздерін көрсете алмасақ немесе өңдеу кез келген заңды орнату, жүзеге асыру немесе одан қорғану үшін қажет болса, біз бұдан былай мұндай жеке деректерді осы мақсаттар үшін өңдемейміз. Тікелей маркетинг мақсатында деректерді өңдеуге қарсылық Жеке деректеріңізді тікелей маркетинг мақсатында өңдейтін болсақ, сіз кез келген уақытта осы мақсаттар үшін сізге қатысты жеке деректерді өңдеуге қарсылық білдіруге құқығыңыз бар. Тікелей маркетингтік мақсаттарда өңдеуге қарсылық білдірсеңіз, жеке деректеріңізді осы мақсаттар үшін ары қарай өңдемейміз. |
- Келісіміңізді қайтарып алу құқығы. Жеке деректеріңізді өңдеуге берген келісіміңізден бас тартуға құқығыңыз бар. Келісіміңізді қайтарып алу келісіміңізді қайтарып алғанға дейін жүзеге асырылған жеке деректеріңізді өңдеу жөніндегі кез келген қызметтің жарамдылығына әсер етпейді.
- Шағымдану құқығы. Сізге қатысты жеке деректерді өңдеу заңсыз деп санасаңыз, қадағалау органына, атап айтқанда, сіздің тұрақты тұратын еліңізде, жұмыс орныңызда немесе болжамды бұзушылық болған жерде шағым түсіруге құқығыңыз бар.
Жергілікті қолданыстағы заңдар басқаша талап етсе, жергілікті заң талаптары қолданылады.
Бұл құқықтарды қолданғыңыз келсе, кез келген уақытта бізге тікелей хабарласа аласыз.